Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Топтық кезең қалай түйінделеді?

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер Болжам-бәйгесі
«Еуро-2016» чемпионатында «F» тобының ойындарына Төлеубек Қадырмолла, Арай Ізбай, Бек Төлеуов және Ғабит Сапарбек сынды журналистер болжам жасайды.

Бүгін Францияның Сен-Дени және Лион қалаларында Исландия – Аустрия және Венгрия – Португалия «F» тобы қорытындыланады. Бұл кездесулерге «Қазақ спорты» газетінен Төлеубек Қадырмолла, «National geographic» журналынан Арай Ізбай, «Бақ.кз» сайтынан Бек Төлеуов және шымкенттік «Оңтүстік Қазақстан» газетінен Ғабит Сапарбек болжам жасап, өз топшылауларын білдірген болатын.

Екінші турдан кейін 4 ұпаймен Арай Ізбай көш бастап келе жатса, Бек Төлеуов 2-орында, Төлеубек Қадырмолла үшінші сатыда. Ал Ғабит Сапарбек өз ұпайларын бүгін еншілеуге тырысады.

Ал Франция алаңдарында бұл топтан Венгрия құрамасының плей-офф кезеңіне шығып қойғаны белгілі болды. Исландия Португалия және Аустрияның тағдыры бүгін шешіледі.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін тура тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.

Төлеубек Әділбекұлы  («Қазақ спорты» газеті)


Исландия – Австрия 1:2

Екі команданың да плей-офф кезеңіне жолдама алатын мүмкіндіктері бар. Исландия топтан тікелей шығуды көздейтін команда. Австрия енді үш ұпай алса, үшінші орынмен плей-оффқа өтіп кетуі әбден мүмкін. Меніңше, екі команда да ашық айқасқа барады. Тең ойынның да тіркелуі екіталай.

Австрия бірінші ойында Венгрияның құрған тұзағына оңбай түсті. Енді ондайға жол бере қоймас. Жеңіс Австрия жағында – 2:1.

Венгрия – Португалия 0:3

Бұл ойында Португалияны тең ойын қанағаттандырмайды. Алдыңғы екі ойыннан небәрі екі ұпай алған ұжым соңғы турда жеңіс үшін барын салатыны анық. Венгрия өз тарихында Португалияны ешқашан ұтып көрмеген екен. Екі құрама осыған дейін 10 ойын өткізсе, соның үшеуі тең аяқталып, қалған жеті ойында Португалия құрамасы басым түсіпті. Бұл жолғы ойын да португалдардың жеңісімен аяқталатынына күмәнім жоқ. Венгрия қорғаныста жақсы ойнайды. Дегенмен, Нани, Роналду бастаған жұлдыздарға  олардың қорғанысын бұзып-жару түк те емес. Ойын Португалияның ірі жеңісімен аяқталады – 3:0.

Арай Ізбай («National geographic Kazakhstan» журналы)

Арай Ізбай

Исландия – Аустрия 1:1

Ал, жанкүйерлер көп күткен Аустрия үшін байрақты дода бүгін түнде аяқталатын шығар. Егер де, Алаба бастаған команда жеңіске жетіп, ойда жоқта 3 ұпай еншілеп, келесі айналымға шығуға мүмкіндігіне ие болып жатса Португалия сүріну керек. Меніңше, бұл екі талай дүние. Оның үстіне Исландия да оңай қарсылас емес. Әйтсе де, доп домалақ деген өміршең қағида бар. Топтық кезеңнен құрамалардың шығуы екі ойынға да байланысты екенін ұмытпаған абзал....

Венгрия – Португалия 0:2

Шыны керек мажарларға сенер-сенбесімізді білмей қалдық-қой... Қандай команда бұл? Оларды алдыға жетелеп, сүйреп келе жатқан қандай тылсым күш? Бұл әрине «бақ» пен «еңбекқорлық»! Жолы болар команданың алдынан кімнің, ненің шығатынына куә болдық. Бұл әрине Исландиямен өткен ойынның соңғы минуттарында соғылған «автогол» мен Аустриямен өткен кездесудегі қарсылас ойыншысының «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылуы. Деңгейлес қарсыластардан алатынын алды бұл ұжым. Басынан бақ таятын кездер де жоқ емес. Бүгін мажарлар үшін сол күн болмақ. Қорғанысты, ұмытып нағыз Еуропаның бразилиялықтары секілді ойнайтын кез келді Фернанду Сантуш шәкірттеріне. Жүйкесі тозып біткен Португалия 2 доп айырмашылықпен ұтады деп ойлаймын.

Бек Төлеуов («Бақ.кз» сайты)

Бек Төлеуов

Исландия – Австрия 1:1

Австрия әзірге гол соқпаған санаулы команданың қатарында. Іріктеу кезеңін сәтті өткізгенімен, Еуропа чемпионатына жоғары дайындықпен келе алмағадары көрініп тұр. Коллер бапкердің шәкірттері құрлық біріншілігін топтық кезеңмен аяқтауы тиіс. Олар соңғы турда Исландиямен ұпай бөлісуі мүмкін. Ларс Лагербактың командасы бұл жолы да тең түсетін шығар. Болжамым –1:1.

Венгрия – Португалия 0:2

Мажарлар осы чемпионатта жақсы өнер көрсетіп жатыр. Біз бағаламаған Шторк шын мәнінде «нашар» бапкер емес екен. Командасын қажет кезде жігерлендіре алады. Алғашқы турда Австрияны тізерлетсе, одан кейін Исландиямен тең түсті. Үшінші орынмен болса да олардың плей-оффқа шығатыны анық. Ал Португалияға жеңіс ауадай қажет. Австрияға пенальти соға алмаған Криштиану Роналду қазір кіжініп жүр. Ерінбегеннің бәрі Златан екеуін сынаудан жалығар емес. Осы ойында барлығына нүкте қоюуы тиіс. Меңіше матч 2:0 есебімен Португалияның жеңісімен аяқталады. Фернанду Сантуш бұл матч олар үшін «кіші финал» деген еді. Сондықтан пиренейліктер аянып қалмайтын шығар.

P.S. Осы ойыннан кейін құрамалар ғана емес, журналистердің де тағдыры шешіледі. Яғни болжам-бәйгенің плей-офф бәсекесіне шығатындары анықталады. Роналду бастаған футболшылар бізді ұятқа қалдырмас деп ойлаймын. Жарысты жалғастыруға үміттіміз.

Ғабит Сапарбек («Оңтүстік Қазақстан» газеті)

Ғабит Сапарбек

Исландия – Австрия 0:1

Бұл кездесуде кім бірінші есеп ашса, сол жеңеді. Ал австриялықтарға гол салатын кез келді. Үш ұпай алса, топтан шығады. Демек, осы жолы бар күшін салып, алғашқы жеңісін олжалауы тиіс. Әрине, оңай емес. Исландияның тасқамал қорғаушылары барынша тосқауыл болады. Дегенмен, Австрияның бағы басым болады деп ойлаймын.

Венгрия – Португалия 0:3

Қазір Португалия құрамасынан бұрын оның көшбасшысы Роналдуды сынамаған жанкүйер жоқ. Бұл команданың жолы болмай жатыр. Әйтпесе, екі тур бойы қақпаға 50 рет доп теуіп, бір-ақ рет гол салу дегеніңіз өте ауыр нәрсе. Қақпаны нысанаға алудан бірінші орында келе жатқан команда түбінде көздгеніне жетеді. Кемі екі немесе үш доп айырмашылығымен жеңетін шығар. Ал, Венгрия құрамасы өздеріне жүктелген міндетті орындап қойды. Топтан шықты деп есептей беруге болады.  

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика