Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Журналистер "болжам-бәйгесінде" тағы бір сенсация

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
«Еуро-2016» додасында «С» тобынан плей-офф кезеңіне Германия мен Польша құрамалары екінші туры болжамшыларымыз үшін тым ауыр болды. Бәрі де Украина мен Германияның жеңістеріне сенген еді. Өкініштеріне қарай, болжамдары шықпады.

Үшінші турда «Неміс мәшинесі» солтүстікирландиялықтарды 1:0 есебімен тізе бүктірсе, дәл осындай есеппен пандар украиндықтардан басым түсті. Бұл турда болжамшыларымыздың үшеуі бір-бір ұпайдан еншілесе, Есей Жеңісұлы екі кездесуде де қателесіп, өз тобын соңғы орынмен тәмамдады. Бірінші орын қызылордалық Әділбек Жақановта болса, екінші орын Шалқар Естенде. Еркін Шәкірдің плей-офф кезеңіне шығу-шықпауы өзге топтарға байланысты болмақ.

Еуро-2016. Болжам-бәйге

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін тура тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика