Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Роналдуға мүлдем сенім жоқ

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
Еуропа чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры толық аяқталды. Плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы командалар да белгілі.

Ал «Болжам-бәйгенің» «F» тобында әлі ешнәрсе белгісіз. Бәрі үшінші турда шешілетін секілді. Осы жолы Исландия – Венгрия кездесуінен тек тек екі-ақ қатысушымыз ұпай ала алды. Бек Төлеуов кездесу нәтижесін дәл тауып, еншісіне үш ұпай жазса, Төлеубек Қадырмолла матч қорытындысын тапқаны үшін қоржынына бір ұпай салды. Арай Ізбай мен Ғабит Сапарбекке соқыр ұпай да бұйырмады.

Португалия – Аустрия кездесуінде Арайдан басқасының бәрі пиренейліктердің жеңісіне сенімді болған. Ойын 0:0 есебімен аяқталып, «ҚазСпорт» комментаторы бір ұпайды қанағат қылды.

Енді бұл топтан кімнің плей-офф кезеңіне жолдама алатыны 3-турдың еншісіне қалып тұр.

Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика