Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Испаниямен бірге плей-офф кезеңіне кімдер шығар екен?

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
«Еуро-2016» додасының «D» тобында Испания – Түркия кездесуімен екінші тур аяқталып, «Болжам-бәйге» бәсекесіндегі қатысушыларымыздың ұпай қоржындары толықты.

Кеше «D» тобындағы бірінші ойында Хорватия құрамасы 2:0 есебімен ұтып жатып, чехтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Ал біздің болжамшыларымыздың барлығы хорваттардың жеңісіне бәс тіккендіктен бұл матчтан ешкім де ұпай ала алмады.

Испания – Түркия кездесуінің нәтижесін Ермек Төрениязов дәл болжап, енщісіне үш ұпай жазды. Қалғандары Еуропаның соңғы чемпиондары екі гол айырмашылығымен жеңіске жетеді деп ойлаған екен, нәтижесінде матч қорытындысын тапқандары үшін бір-бір ұпайдан бөлісті.

Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика