Вернуться к списку статей

Ресей құрамасы қазақ журналистерінің сенімдерін ақтамады

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
Франциядағы Еуропа чемпионатында «В» тобының екінші тур ойындары өтті. Ресей мен Словакия кездесуі 1:2 есебімен аяқталса, Англия – Уэльс матчында 2:1 есебімен ағылшындар басым түсті.

Осы турдан кейін журналистер «Болжам-бәйгесінің» В тобында Ардақ Тоғымов 6 ұпай еншіледі. Ол Ресей – Словакия кездесуінің қорытындысын таппағанымен Англия – Уэльс матчының нәтижесін дәл тапты. Екінші орында Еламан Қоңыр келеді. Алғашқы ұпайын еншілеген оның еншісінде 3 ұпай. Үздік үштікті Ришад Тұрғанбаев қорытындылап тұр. Англия – Уэльс кездесуі 1:0 есебімен аяқталады деп, доп айырмашылығын дәл тапқаны үшін қоржынына екі балл салды. Өкінішке қарай, Олжас Оқасовтың қоржыны әзірге бос.

Жалпы, Ресей – Словакия кездесуінде төрт қатысушы да қателесті. Олардың үшеуі солтүстік көршілеріміздің жеңісіне сенімді болса, Ардақ Тоғымов матч тең аяқталады деп кесіп айтқан еді.

Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика