Вернуться к списку статей

Еуро-2016. В тобындағы шешуші тур

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер
«Еуро-2016» чемпионатында «В» тобының ойындарына Ардақ Тоғымов, Еламан Қоңыр, Олжас Оқасов және Ришад Тұрғанбаев сынды журналистер болжам жасайды.

Еуропа чемпионатында бірінші турдан кейін үш ұпаймен Уэльс құрамасы көш бастаса, Англия мен Ресейде бір-бір ұпайдан иемденген. Словакияның қоржыны бос. «Болжам-бәйгеде» әзірге үш ұпаймен көш басында Ардақ Тоғымов келеді. Еламан Қоңыр, Олжас Оқасов және Ришад Тұрғанбаевтар ұпай ала алмаған.

Бүгін «В» тобында екінші турдың ойындары. «Болжамшыларымыздың» пікірлері дәл шыға ма, жоқ па, оны Франция төріндегі кездесулерден кейін білетін боламыз.

Ардақ Тоғымов (Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметі)

Ардақ Тоғымов

Ресей – Словакия 1:1

Еуро-2016, тұсаукесер кездесулерінде қос славян ұжымдары жеңіске жете алмаған еді. Ұлыбританиядан ат терлетіп келген Англия мен Уэльс командалары осы екі шығыс Еуропаның командаларына жеңісті сыйлаудан бас тартқан еді. Англия 89 минут бойы жеңіп тұрып, соңғы минутта Ресей капитаны Сергей Березуцкийдың басына ие бола алмай, манызды допты жіберіп алса, Уэльс жігіттері 2:1 есебімен Словакияны әупірімдеп жүріп, әйтеуір жеңген еді. Ал еңді осы ойын көп нәрсені шешеді деп ойлаймын. Егер Словакия ұтылса, онда олар үйлеріне кетуге дайындықтарын бастайды. Неге десеніз, Англияны соңғы ойында осы команда ірі есеппен жеңеді дегенге есі дұрыс адам сенбейтін шығар еңді, ия? Аяқ астынан және де ойламаған жерден Англиядан бір ұпай олжаланған Ресей ұтылса, оңда Уэльсті ұтуға мәжбүр болады соңғы ойында. Ол да болса онай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті Слуцкий мырзаның ойыншыларына. Статистикаға жүгінсек, Ресей мен Словакия жиі кездесіп тұрыпты. Көп ойындары тен түскен. Демек, күштері бірдей, ойындары да сәйкес бір біріне, құрамалары да жұлдызды емес. Сол себептен есеп 1:1 болуы тиіс деп ойлаймын. Топтан шығу мәселені соңғы турдағы ойындарға қалдырмақ осы екі ұжым.

Англия - Уэльс 2:1

Екі британдық командалар екінші турда қызықты ойын көрсетуі тиіс. Өз стилі бар қос ұжым тойтарысқа толы матч өткізеді. Мында соғылмаған (допты екі қақпашының бірі қайтарады) пенальти, саналмаған голдар, қызыл қағаз алған ойыншы (-лар), мандайшаға тиген доптар, көрермен қақтығыса орын алған жайттар болуы тиіс деп ойлаймын. Уэльске осы ойынның алдында жеңілдеу болады әрине. Дегенмен 3 ұпайлары қалтада емес пе бірінші турдан кейің. Топта үшінші орынға ие болу құқығына 60-70 пайыз жақын тұр. 1/8 финалға шығуға қалған екі ойында бір ұпай алса жеткілікті. Англияға болса жеңіс ауадай қажет. Ресейге жоспарсыз сүріңген Англияның жас жігіттері кектерің еңді көршілес және бауырлас Уэльстен алмақ. Ойлары жүзеге асады деп сенімдімің. Және де топтан бірінші орынмен шығуға тырмысады Англия футболшылары.

Еламан Қоңыр («Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі)


Ресей – Словакия 2:1

Ресей құрамасының ойыншылары бірінші турда өз алдарына қойылған тапсырманы орындап шықты. Ең бастысы, Англиядан бір ұпай олжалады. Енді қалған екі турда шама-шарқы өздерімен қатарлас, тіпті, кейбір көрсеткіштер бойынша төмен командалармен күш сынасады. Бұл жағдайдың футболшыларға психологиялық тұрғыда оң, сондай-ақ, кері әсер етуі әбден мүмкін. Себебі, «азуы алты қарыс ағылшындармен тең ойнадық» деп, тоқмейілсуге бой алдырса, Ресейдің шаруасы бітті дей беріңіз. Ал керісінше, аталған кездесуден кейін қанаттанып, бойларында сенім пайда болса, қарқыны күшеймесе, азаймайтыны сөзсіз.

Десек те, Леонид Слуцкий шәкірттерінің еркінсуіне жол бермейді деп сенемін. Бас жаттықтырушы негізгі құрамға айтарлықтай өзгеріс енгізбейтін шығар. Тактикалық тұрғыда да бірінші ойындағыдай қорғанысқа басымдық беріледі деп болжаймын. Өйткені, дәл қазір словакиялықтарға жоғалтатын еш нәрсе жоқ. Алғашқы кездесуде бес бірдей ойыншысының ескерту алуы да оларға еш кедергі бола алмайды. Яғни, олар кез келген мүмкіндікті мейлінше тиімді пайдалануға тырысып, қарымта шабуылда Акинфеевтің қақпасына қауіп төндіруі әбден мүмкін. Оның үстіне, Уэльспен болған ойында соңғы сәтке дейін таласқан Словакия ойыншылары үш ұпайды оңайлықпен бермейтіндерін көрсетті. Ал мұндай командаға қарсы шыққанда қорғанысты бір сәтке де назардан тыс қалдыруға болмайды.

Тағы бір ескеретін жайт, Словакия құрамасындағы ойыншылардың дені Еуропаның топ-чемпионаттарында өнер көрсетеді. Ал Ресей командасында барлығы дерлік РПЛ-да доп тебеді. Бұның өзі ойынның нәтижесіне өз ықпалын тигізетіні айдан анық.

Осы айтылғандарды ескерсек, ойынның тартысты боларын аңғарамыз. Меніңше, бұл матчта Ресей құрамасы жеңіске жетеді. Есеп 2:1.

Англия – Уэльс 2:1

Қазір Англияға жеңіс ауадай қажет. Егер Уэльспен де ұпай бөліссе, топтан шығудың өзі мұңға айналуы ғажап емес. Сондықтан Руни бастаған саңлақтардың бұл ойында толассыз шабуылдайтыны анық.

Ал бірінші турда қажет нәтиже қол жеткізіп, үш ұпайды қоржынға салған Бэйлдің жігіттері Англияға қарсы «автобус» әдісін қолданса да еш сөкеттігі жоқ. Солай болуы да әбден мүмкін. Өйткені, тең есеп Уэльстің оң жамбасына келеді. Яғни, валлиліктер психологиялық басымдыққа ие.

Дегенмен, ойын барысындағы басымдық ағылшындарда болады деп ойлаймын. Сондай-ақ, Рой Ходжсон бұл жолы Джейми Вардиге мүмкіндік беруі керек. Себебі, бірінші турда Гарри Кейн жанкүйерлер күткендей ойын өрнегін көрсете алмады. Ойын соңына таман Рунидің де шаршап қалғанын байқадық. Осы олқылықтарды ескеріп, бас жаттықтырушы лайықты шешімдер қабылдайды деп сенемін. Бұл қадам өз жемісін беріп, Англия Уэльстен 2:1 есебімен басым түседі деген болжам жасаймын.

Олжас Оқасов («Проспорт.кз» сайты)

Олжас Оқасов

Ресей – Словакия 1:0

Меніңше Ресей мен Словакия арасында айқын фаворит жоқ. Бірақ букмекерлік кеңселер Ресейге басымдық беріп отыр – 2,35. Словакияға ойын алдында 3,40 коэффициент берілді. Алғашқы ойында тірнектеп жүріп тең нәтижеге жеткен орыстар оптимистік көңіл-күйде. Ал Уэльстен ұтылған Словакияға ұпай ауадай қажет. Командалар арасындағы соңғы бес ойында бес-ақ гол соғылған. Сондықтан, бұл жолы да дәстүр бұзылмайды деп ойлаймын.

Англия – Уэльс 1:1

Англия мен Уэльс ресми кездесулерде екі рет күш сынасқан. Қос матчта Англия айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жанкүйерлер Рой Ходжсонның шәкірттері осы жолы да аса қиындықсыз жеңіске жетеді деп отыр. Меніңше, Уэльстің де айтары бар. Валлиялықтар қорғанысы мықты деген Словактарды әбігерге салғанына қарап алдағы матч тең аяқталады-ау деп болжадым.

Ришад Тұрғанбаев («Жетісу» газеті)

Ришад Тұрғанбаев

Ресей – Словакия 2:1

Шынымды айтайын мынау қызық болып тұр. Футболмен қоса, болжам бәйгесінің бәсі артты. Көзіңнің қиығын ғана салып жүретін командалардың қарқыны басым. Сондықтан ойлану керек. Ресейге сенбеген едік. Ойыны жаман емес. Тіпті тегеурінді қарсылас болды. Бұл жолы ұпай бөліспейтін түрі бар. Өткендегі қарқынмен кіріссе үш ұпайды қоржынға тоғытады.

Англия – Уэльс 1:0

Ағылшындар жеңіске жетеді. Деседе, Уэльсте оңай шағылмайды. Олар біз ойлағанан да жақсы өнер көрсетті. Дәл сол бірінші ойындағыдай белсенділік танытса, қызықты ойын болады. Бірақ, алғашқыдағыдай емес, ағылшындар бұл жолы шындап кіріседі. Ресейден мұндайды күтпеген болар. Сондықтан бұл жолы ұпай жоғалтқысы келмейді. Соңғы чемпионатында Руни аянып қалмайды.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика