Вернуться к списку статей

Еуро-2016: "С" тобында Сыр журналисі көш бастады

Футбол
2K
Еуро-2016:
«Еуро-2016» додасында «С» тобының алғашқы туры аяқталып, «Болжам-бәйге» бәсекесінде бақ сынап жатқан қатысушыларымыздың алғашқы аяқ алысы белгілі бола бастады.

«С» тобында алдымен алаңға Польша – Солтүстік Ирландия құрамалары шыққан. «Болжам-бәйгеге» қатысып жатқан журналистеріміздің үшеуі, яғни Есей Жеңісұлы, Еркін Шәкір және Шалқар Естен ойын 2:1 есебімен аяқталып, пандар жеңіске жетеді деп топшыласа, Әділбек Жақанов 1:0 есебіне бәс тіккен. Кездесу 1:0 нәтижесімен аяқталып, қызылордалық журналист үш ұпай еншілесе, қалған үшеуі қоржындарына екі баллдан салды.

Германия – Украина кездесуі 2:0 есебімен аяқталды. Бұл ойыннан Әділбек Жақанов екі ұпай алып, бәсекелестерінен ұзап кетті. Ол бұл текетіреске 3:1 есебімен бәс тіккен еді. Матч 3:0 есебімен немістердің пайдасына шешіледі деген Шалқар Естеннің еншісіне бір ұпай тиді. Ал кездесу «итжығыс» аяқталады деп болжаған Есей Жеңісұлы мен Еркін Шәкір ұпайсыз қалды.


Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика