Вернуться к списку статей

Еуро-2016: “Болжамшылар бәйгесінің” топтық кезеңдегі ережесі

Футбол
2K
2016 жылғы Еуропа чемпионаты кезінде қазақ тілді журналистер арасында өткізгелі отырған бәйгеміздің топтық кезеңдегі жалпы ережесімен таныс болыңыздар.

Болжам жасау тәртібі

Әр топтағы журналистер өз тобындағы ойындарға ғана болжам жасайды. Мысалы, “A” тобына түскен журналистер топтық кезеңде тек осы топтың ойындарына болжамдарын жазып беріп отырады. Өздеріңіз білесіздер, Еуропа чемпионатының “A” тобында Франция, Румыния, Швейцария және Албания құрамалары додаға түседі.

“B” тобына түскендер – Англия, Ресей, Словакия, Уэльс;

“C” тобындағылар – Германия, Украина, Польша, Солтүстік Ирландия;

“D” төрттігіндегі журналистер – Испания, Чехия, Хорватия, Түркия;

“E” төрттігіндегілер – Бельгия, Италия, Швеция, Ирландия;

“F” квартетіне түскендер – Португалия, Исландия, Австрия, Венгрия.

Ұпай есептеу ережесі

Еуропа чемпионатында әр топта екі ойыннан үш тур өтеді. Яғни біздің болжамшыларымыз да екі ойыннын үш рет, барлығы алты ойынға болжам жасайды. Осы алты ойында жинаған ұпайлар қосылып отырады.

  • Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
  • Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/
  • Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе екеуінің тең түсетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 немесе 0:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 2:2 деп нобайлау/

Плей-оффқа кімдер шығады?

2016 жылғы Еуропа чемпионаты кезіндегі қазақ тілді спорт журналистері арасындағы “Болжамшылар бәйгесінің” келесі кезеңіне шығу сұлбасы – тура Еуропа чемпионатында бекітілген үлгідей.

Плей-оффқа өз топтарында бірінші және екінші орын алғандар (яғни 12 адам), сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішіндегі төрт үздігі (ұпайлары көбі) шығады. Сонда 16 адам 1/8 финалына шығады.

Әрі қарай тағы да тура Еуропа чемпионатындағыдай:


Плей-оффқа үшінші орынмен шыққандағы 15 түрлі нұсқа: 


Плей-офф сатысындағы, яғни 1/8 финалынан бастап финалдық матчқа дейінгі ережені кейін жариялаймыз.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика