Вернуться к списку статей

Холандты ұстадық, бірақ Шешкоға шамамыз жетпеді

Футбол
855
UEFA Ұлттар лигасының жаңа маусымы басталды. Қазақстан В лигасының үшінші тобында өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы екі матчтың қорытындысы бойынша Станислав Черчесов шәкірттері бір ұпай жинады.

Алматыда Норвегиямен тең түскен болатынбыз. Эрлинг Холанд бастаған әлемдік жұлдыздарды Нұрәлі Әліп секілді қорғаушыларымыздан өте алмады.
Бірақ Словениядағы екінші ойын сәтсіз аяқталды. Беньямин Шешко хет-трик жасап, Қазақстан қорғанысының дал-дұлын шығарды.

«Нәтиже таблода тұр. Өкінішке қарай, қарсылық көрсете алмадық. Словениялықтар жекелеген сәттерде үздік болды. Қағаз жүзінде де олар фаворит еді. Біз бірақ өз ұпайымызды алуға келгенбіз. Ойынға дейін талқылаған қателіктерімізді тағы да жібердік. Сергей Малый негізі жақсы ойнаған. Бірақ сары қағаз алғандықтан оны ауыстырдым. Егер ескертуі болмғанда әріқарай ойнай берер еді. Орнын Әлібек Қасым басты», - дейді матчтан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов.

Ұлттық құрамада қазір 30 жастан асқан ойыншылар көбейген. Бас бапкер баспасөз мәжілісінде жастарды тартуға қатысты пікір білдірді.

«Осы сұрақты көбісі қояды. Бірақ бір жағдайды ескермейді. Егер бір футболшы шыңға жетсе, оған сай футболшылар қажет. Сіздер қайда тұрасыздар? Менде осы чемпионатты қараймын. Мен бір гауһартасты байқамай жүргендей айтасыздар. Олай болмайды. Өз футболшыларымызды сыйлайық. Оларды максимум қолданайық. 0:3 немесе 0:1 ұтылғанның еш айырмасы жоқ. Бүгін Айбар Жақсылық дебют жасады. Егер талапқа сай футболшыны мен шақырмай жүрсем онда сынға алуға болады. Қазақстан командалары еурокубокта Люксембург командаларын ұта алмай жүр. Футболшылардың жартысы өз командасында негізгі құрамда ойнамайды. Бұл менің командам. Олар бүгін жеңілді. Бірақ қарым-қатынас өзгерген жоқ. Менің міндетім осындай сәтте қолдау көрсету» ,- дейді бас бапкер.
 
Енді ел құрамасы 10 қазанда сырт алаңда Австриямен кездессе, 13 қазанда өз алаңында Словенияны қабылдайды.
Еске салсақ, қазақстандық футболшылар бұдан бұрын Ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.
 
Словения – Қазақстан – 3:0
ГолдарБеньямин Шешко, 23 (1:0). Беньямин Шешко, 28 (2:0). Беньямин Шешко,63 (3:0).
ЕскертулерЯн Млакар, 20. Жан Целар. 38ү Сергей Малый. 35.
Словения: Ян Облак (Қ), Эрик Янжа, Яка Бийол, Ваня Дркушич, Давид Брекало,Петар Стоянович (Йосип Иличич, 77), Адам Гнезда-Черин, Тими Элшник, Ян Млакар (Йон-Горенц Станкович, 64), Беньямин Шешко, Жан Целар (Жан Випотник, 64);
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Сергей Малый (Әлібек Қасым, 46), Нуралы Алип, Марат Быстров ( ​Лев Скворцов, 76), Асхат Тағыберген, Бактиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов (Эльхан Астанов, 57) – Максим Самородов (Ислам Чесноков, 46), Абат Айымбетов (Айбар Жақсылыков, 76);
Бас төрешіЖоау Пиньейру (Португалия).
Яндекс.Метрика