Вернуться к списку статей

Еуро-2024. Гамбургте жеребе тартылды

Футбол
223

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл дода 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді.

Гамбургтегі жеребенің қорытындысы бойынша үш топта әзірге үш құрамадан. Қалған үш қатысушы наурыздағы Ұлттар лигасының плей-офф матчынан кейін анықталады. Бұл сында Қазақстанның да мүмкіндігі бар.

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Ұлттар лигасындағы А тобының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия), Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Ұлттар лигасындағы B тобының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина).

F тобы: Португалия, Ұлттар лигасындағы С тобының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия), Түркия, Чехия.

Былтыр Ұлттар лигасы С лигасында өз тобында бірінші орын алған ұлттық құрама турнирдің плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Енді еліміздің бас командасы 2024 жылдың 21 наурызында С тобы бойынша жартылай финалда Грекиямен ойнайды. Жеңген жағдайда финалда Грузия немесе Люксембург құрамасымен құрлықтық додаға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Еуропа чемпионатының жолдамасына ел құрамасымен бірге 18 ұпаймен үшінші орынды бөліскен Финляндияда да таласатын болады.

Құрлықтық дода 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында өткізіледі.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика