Вернуться к списку статей

Атырауда жаңа стадион салынады

Футбол
3K

Атырау қаласында 12 мың орындық жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Стадион құрылысы биыл басталады екен.

Жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.

Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің айтуынша, тұрғындар тарапынан жаңа стадионның қажетті туралы ұсыныс берілген.

«Әлеуметтік желі арқылы да, арнайы кездесулерде де спорт сүйер қауым жаңа стадион қажеттігі жөнінде талап-тілектерін жиі айтып келеді. Осыған орай айтарым, биыл шаһарда халықаралық талаптарға сай 12 мың орындық жаңа стадионның жобасын бастауды жоспарлап отырмыз», - дейді Марат Мурзиев.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика