Вернуться к списку статей

«Ақтөбе» қазақ футболының «Робин Гуды»

Футбол
198

Қазақстан премьер-лигасының 24-турының орталық ойыны Ақтөбеде өтті. Жергілікті «Ақтөбе» былтырғы чемпион «Астананы» қабылдады.

Егер «Астана» осы матчта жеңіске жеткенде «Ордабасының» сүрінгенін күтіп, биыл да топ жарып қалуы ықтимал еді. Бірақ «Ақтөбе» Бабаян шәкірттерін тоқтатты. Матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алғашқы голды 20-минутта Әлібек Қасым салса, екінші кезеңде бразилиялық Шина есепті еселей түсті.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Астана» (Астана) – 2:0
Голдар:
Қасым, 20-пенальтиден (1:0). Шина, 77 (2:0).

Ең қызығы, «Ақтөбе» қазір қазақ футболының «Робин Гуды» болып тұр. Олар «Астананы» екі матчта да жеңді. «Ордабасымен» сырт алаңда тең түсіп, өз жерінде үш ұпай еншіледі. «Тобылмен» де екі матчта тең түсті. Есесіне, «Ақсу», «Мақтаарал», «Атырау» сияқты командалармен ойында ұпай жоғалтады. Соның салдарынан чемпиондыққа таласа алмады. Енді тек екінші орынға үміттеніп көреді.



Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика