Вернуться к списку статей

Адиевтің соңғы ойыны ма? Қазақстан тағы жеңілді

Футбол
985

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Люксембургтен ұтылды. УЕФА-ға өткелі 43-ші қарсыласымыз атанған Люксембург жерлестерімізден бір бас жоғары болды.

Кездесу қазақстандық футболшылар үшін сәтті басталды. Ойынның 2-минутында Асхат Тағыбергеннің әуелете берген добын Әділет Сәдібеков баспен соғып, голға айналдырды. Бұл - жас футболшының ұлттық құрама сапында соққан алғашқы голы. Алматылық «Қайрат» сапында ойнайтын қорғаушы осылайша ел құрамасын алға шығарған еді.

Бірақ қарсылас көп ұзамай таразы басын теңістірді. Гол авторы – Люксембург құрамасының тарихындағы ең сұрмерген шабуылшы Жерсон Родригеш. Ал үзіліске шығар тұста Данел Синани есепті 2:1-ге жеткізді.

Екінші таймда жағдай өзгермеді. Қазақстан қатарынан екінші матчта жеңілді. Бұған дейін Грекиядан ойсырай ұтылып, Еуропа чемпионатына жолдама алмаған болатын.

Люксембург – Қазақстан – 2:1

Голдар: Әділет Садыбеков, 2 (0:1). Жерсон Родригес, 24 (1:1). Данел Синани, 45 (2:1).

Люксембург: Антони Морис (Қ), Флориан Бонерт (Сеид Корач, 77), Марвен Мартенс, Ларс Жерсон, Лоран Янс, Данель Синани (Давид Жонатанс, 77), Боржеш Саншеш (Себастьян Тилль, 64), Кристофер Мартинс, Леандру Баррейру Мартинш, Матиас Олесен (Эдвин Муратович, 64), Жерсон Родригес (Айман Дардари 87);

Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ), Роман Асранкулов (Ян Вороговский, 67), Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров, Еркін Тапалов (Бағдат Қайыров, 78), Әділет Садыбеков, Асхат Тағыберген (К) (Исламбек Қуат, 67), Рамазан Оразов (Эльхан Астанов, 75), Бактиер Зайнутдинов (Абат Айымбетов, 75) – Максим Самородов (Ислам Чесноков, 67);

Рефери: Кристиан Дингерт (Германия)

Люксембург, «Стад Люксембург».

«Қазақстан құрамасында жұмыс істеуге деген құлшыныс бар ма? Әрине, бар. Қандай қиын жол күтіп тұрғанын білемін. Өзгеріс қажет. Жаңадан жасақтау керек. Бәлкім, жаңа бапкер келіп бәрін басынан бастайын болар. Бірақ жаңа бапкер тез арада ұзақ дистанцияда нәтиже беретін команда жасақтай алады деп ойламаймын.Іргетастан яғни жолдастық кездесулерден бастау керек», - дейді Магомед Адиев.


Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика