Вернуться к списку статей

Абат Айымбетов Анадолы жерінде доп тебеді

Футбол
121

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубының ойыншысы атанды.

Келісімшарт 1,5+1 жүйесі негізінде жасалған. Ол түркиялық командада сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгтің орнын басады.

Футболшының жалақысы 500-700 мың еуро аралығында болады деген болжам бар.

Адана – деген Түркияның оңтүстігінде орналасқан. Бұл қаланы Анадолы еліндегі ең бір қылмысы көп криминалды қала санайды. Тіпті, туристерге бармауға кеңестер жиі айтылып жатады.

«Адана Демирспор» клубының тарихы бай. Клубтың құрылғанына 80 жылдан асады. Қожайыны – кәсіпкері Мұрат Сансак. Ол «Адананы» 2018 жылы өзіне алған. Кәсіпкердің бизнесі криптовалютамен тікелей байланысты. Сонымен қатар бірнеше жыл Star Media Group компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болды. Бұл медиахолдингке Star газеті мен 24 арнасы кіреді.

Ал бұрынғы қожайыны өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мұндай қадамға баруына қаржылық қиындығы әсер еткен.

Айтпақшы, бұл команда сапында біраз жұлдыздар бар. «Манчестер Юнайтед» сапында Чемпиондар лигасында топ жарған, Португалия құрамасымен Еуропа чемпионы атанған Нани, Италия футболының «еркесі» Марио Балотелли осында жүр.

«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында тұр.

Абат Айымбетов бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» сияқты Қазақстанның үздік командаларында доп тепкен.

Ұлттық құрама сапында 2019 жылдан бері 35 ойында 9 гол соғып үлгерді. 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ұлттық құрама сапында 9 ойында 3 голдың авторы атанды.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика