Вернуться к списку статей

«Қайрат» легионерлерін тағы «сапырды»

Футбол
1K
Гай (№19) және Гогуа (№26), Фото: fca.kz
Алматының «Қайраты» екі легионерін команда құрамынан алып тастап, олардың орындарына басқа легионерлерді тіркеді.

Бразилия футболшысы Хуан Фелипемен келісімшартқа отырған «Қайрат» іле-шала екі легионерін команда құрамынан босатты. Әуелі Израиль футболшысы Гай Ассулинмен жылы қоштасты. Мұны тіпті Алматы клубының ресми сайта да жариялады.

Бір қызығы, Гай Ассулин «Қайратқа» ақпан айында ғана келген болатын. 4 наурыз күні Қазақстан суперкубогы сарапқа салынған матчтың екінші таймында алаңға шығып, 22 минут ойнады. Ел чемпионатының бірінші турында бір-ақ тайм өнер көрсетті. Болды. Үшінші турдың қарсаңында командадан кеткені мәлім болды...

Сонымен қатар, Кот-д'Ивар қорғаушысы Седрик Куаме Гогуа да «Қайраттың» ҚР Кәсіпқой футбол лигасына тіркелген құрамынан алынып тасталды. Бұл ойыншы биыл Алматы клубы сапында бір ғана матч өткізді. Тек Қазақстан суперкубогы сарапқа салынғанда, «Астана» шабуылшыларынан көз жазып қалып отырды...

Сөйтіп, «Қайрат» еліміздің Кәсіпқой футбол лигасына тіркеген легионерлерінің екеуін команда құрамынан алып тастап, олардың орындарына Бразилияның жартылай қорғаушысы Хуан Фелипе мен Қазақстан жанкүйерлеріне былтырдан таныс, хорват Иво Иличевичті тіркеді.

Қызық, сонда қалай? Гай Ассулинді команда құрамына сынақтан өткізбей, тексеріп көрмей, ала салған ба?! Ал Седрик Гогуа өткен маусымның екінші жартысын «Қайрат А» сапында өткізген. Бірінші лигада жеті ойын өткізіп, бір гол соққан. Сонда оның әлеуетіне көз жеткізіп үлгермеген бе?! 

Енді бұл қорғаушы қайда барады? Қайтадан бірінші лигаға жібере ме, әлде еліне қайтара ма?.. Сонымен, «Қайратта» қазір сегіз легионер бар. Олар – Шелдон Бато, Акош Элек, Исаэль, Хуан Фелипе, Иво Иличевич, Андрей Аршавин, Чума Анене, Уго Сильвейра.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика