Вернуться к списку статей

Дидар Жалмұқан түлеп ұшқан клубына оралды

Футбол
1K
Фото: fc-aktobe.kz
Көптен бері көрінбей кеткен талантты жас футболшымыз «табылды». Дидар Жалмұқан енді «Ақтөбенің намысын қорғайды.

Дидар Жалмұқан бүгін «Ақтөбе» футбол клубымен еңбек келісіміне қол қойыпты. Бұл ақпаратты аталған клубтың ресми сайты таратты. Әрі былтырғысымен салыстырғанда, жалақысын үш есе төмендетуге келісім берген көрінеді...

Өздеріңіз білесіздер, Дидар – Ақтөбе футболының түлегі. Біраз жыл осы клубтың қосалқы құрамында доп теуіп, ең үздік ойыншыларының бірі болды. Былтырғы маусымның басында «Астанаға» ауысқан. Өкінішке қарай, елорда командасы сапында көп ойнамады.

Жарты маусым «Астана» сапында ойнап, жазда «Тобылға» жалға берілді. Жыл соңында елордаға қайтып барған. Бірақ биылғы жылдың басында «Ордабасы» клубына жалға берілді. Алайда Шымкент клубы сапында мүлде төбе көрсетпеді... Жақында жастар құрамасы сапына да шақытылмады. Енді, міне, «Ақтөбеге» жалға беріліпті. Түлеп ұшқан ұясы бағын ашсын!

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика