Вернуться к списку статей

2018 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Футбол
1K
«Қайсар» мен «Ақтөбе» қайтадан кездеседі... Фото: fc-aktobe.kz
Бүгін Астанада 2018 жылғы Қазақстан кубогының жеребе тартылып, 1/8-финалдық кезеңінде кездесетін командалар жұбы анықталды.

Жеребе тарту рәсімі алдында 16 команда екі қоржынға бөлінді. Біріншісіне өткен маусымдағы ел кубогының иегері және былтыр премьер-лигада алғышқы сегіздікке орналасқан командалар енгізілді («Қайрат» және басқалары). Қалған командалар екінші қоржында болды. Жалпы, жеребе қорытындысы төмендегідей:

«Қыран» – «Ордабасы»

«Шахтер» – «Қызыл-Жар»

«Мақтаарал» – «Астана»

«Тараз» – «Ертіс»

«Қайсар» – «Ақтөбе»

«Ақжайық» – «Атырау»

«Оқжетпес» – «Қайрат»

«Тобыл» – «Жетісу» 

Осы командалар арасындағы матчтар 18 сәуір күні әр жұпта бірінші жазылған клубтың алаңында өтеді. Өздеріңіз байқап отырғандай, премьер-лигадағы клубтар бірінші лига өкілдерімен кездесетін болса, онда олар деңгейі төменгі топтағы команданың алаңында кездеседі.

Осы ретте айта кетейік, 1/8-финалында кездесетін командалар бір-ақ матч өткізеді. Егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, онда 15 минуттан қосымша екі экстра-тайм өткізіледі. Егерде осы қосымша экстра-таймдарда да тең есеп сақталса, келесі кезеңге шығатын команда пенальти соғу арқылы анықталады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика