Вернуться к списку статей

«Ертіс» Түркияға кеткен құрамын жариялады

Футбол
1K
Фото fcirtysh.kz сайтынан
Бүгін «Ертіс» футбол клубы Түркияның Белек қаласына барып, 2018 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Команданы керекуліктердің жаңа бас бапкері Херард Нус бастап барған. «Ертіс» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Павлодар клубының сапында қазір төмендегі ойыншылар жаттығып жүрген көрінеді:

Серікбол Қапанов, Никита Калмыков, Антон Цирин, Руслан Есімов, Павел Шабалин, Александр Кислицын, Илья Калинин, Карлос Фонсека, Владислав Огиря, Милош Стаменкович, Марио Маслач, Владимир Воменко, Тимур Байжанов, Мақсат Өмірханов, Дмитрий Шмидт, Илья Воротников, Рахымжан Розыбакиев, Әлібек Аяғанов, Салами Фуад, Виталий Волков, Вячеслав Сердюков.

Сонымен қатар, Белек қаласындағы жиынға «Ертістің» жастар құрамы сапынан мына футболшылар қосылған: Арман Смайылов, Арман Кеңесов, Батыр Құдайбергенов, Артем Попов, Павел Баркунов, Дінмухамед Маруа, Мадьяр Рамазанов, Владислав Сазонов, Айбарыс Көшкінбаев.

9-22 қаңтар аралығында өтетін жаттығу жиыны барысында команда сапына тағы да бірнеше қазақстандық ойыншылар мен легионерлер тартылып, сынақтан өтеді екен. Әзірше, олардың аты-жөндері аталмай отыр.

«Жаңа маусымға дайындалуға бағытталған оқу-жаттығу жиыны екі кезеңдік жаттығудан тұрады. Осы жиын барысында павлодарлық ұжым екі жолдастық кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр» деп жазады, клубтың баспасөз қызметі.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика