Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы Албанияға аттанды

Футбол
1K
Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) Албанияда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Қазақстан U-19 құрамасы 19-28 наурыз аралығында Албанияның Дуррес қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен. Әрі осы жиын барысында Александр Кузнецов жаттықтыратын бозбалаларымыз Албания-U19 құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарланып отырған көрінеді (24 және 27 наурыз күндері).

Бұл жиынға Қазақстан-U19 құрамасының бапкерлері мына футболшыларымызды алып кетіпті:

қақпашылар – Олег Медведев («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»);

қорғаушылар – Әлім Ілиясов, Совет Сағи (екеуі де – «Астана»), Дінмұхамед Қашкен («Жетісу»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Жантөре Жұмәділов («Ширак», Армения), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»);

жартылай қорғаушылар – Жасұлан Қайыркенов, Сұлтан Сағынаев, Руслан Махан, Лев Скворцов (бәрі де – «Астана»), Мәди Жақыпбаев («Шахтер»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»);

шабуылшылар – Владиcлав Прокопенко (Астана), Максим Ваганов («Ордабасы»), Вячеслав Швырев («Қайрат»);

Жаттықтырушылар құрамы:

Александр Кузнецов – аға жаттықтырушы,
Игорь Маштаков – аға жаттықтырушының көмекшісі, 
Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика