Вернуться к списку статей

FIFA рейтингісі – Тапжылмай тұр Қазақ елі құрамасы

Футбол
1K
Фото: kff.kz
Бүгін FIFA-ның ресми сайтында ұлттық құрамалар арасындағы наурыз айының бүкіләлемдік рейтингісі жарияланды.

Қазақстан ұлттық құрамасы ақпан айындағы FIFA рейтингісімен салыстырғанда, 136-орында тапжылмай тұр. Естеріңізге сала кетейік, осы бір айдың ішінде біздің футболшылар ешқандай да ресми кездесу өткізген жоқ.

Ал осы айдың аяғында ұлттық құрамамыз екі жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтқанда, 23 наурыз күні Венгрия, ал 26 наурызда Болгария құрамаларымен додаға түседі. Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станимир Стойлов үшін нағыз сын енді басталады.

Сонымен наурыз айындағы FIFA рейтингісі:   

Алғашқы ондық:

1 (1). Германия – 1609 ұпай
2 (2). Бразилия – 1489
3 (3). Португалия – 1360
4 (4). Аргентина – 1359
5 (5). Бельгия – 1337
6 (7). Польша – 1228
6 (6). Испания – 1228
8 (8). Швейцария – 1197
9 (9). Франция – 1185
10 (10). Чили – 1161

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

35 (35). Украина – 778
63 (61). Ресей – 531
72 (72). Өзбекстан – 451
86 (87). Эстония – 399
91 (91). Армения – 385
93 (93). Беларусь – 376
101 (100). Грузия – 332
114 (113). Түркіменстан – 292
115 (115). Қырғызстан – 282
124 (125). Тәжікстан – 255
127 (119). Әзірбайжан – 243
131 (132). Латвия – 231
136 (136). Қазақстан – 223

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика