Вернуться к списку статей

Венгрия ұлттық құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

Футбол
1K
Венгрия ұлттық құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады
Венгрия ұлттық құрамасының Қазақстанға қарсы дайындалатын футболшыларының тізімі белгілі болды.

Наурыздың 24-і мен 27-сі күндері футболдан Венгрия ұлттық құрамасы Қазақстан және Шотландиямен жолдастық кездесу өткізеді. Мадиярлардың бас бапкері Жорж Лекенс бұл екі ойынға дайындалатын құрамын жариялады.

Бельгиялық бапкер Жорж Лекенс командасының алдағы екі кездесуіне 37 ойыншыны шақыртып отыр. Арасында «Астана» мен «Қайраттың» жартылай қорғаушылары Ласло Кляйнхайслер мен Акош Элек те бар. Әлбетте, бұл кеңейтілген тізім. Бас бапкер команда құрамын қысқартуы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Венгрия мен Қазақстан ұлттық құрамаларының ойыны 24 наурыз күні Будапештте өтеді.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов команда құрамын дүйсенбі күні жариялайды деген сыбыс бар.

Венгрия ұлттық құрамасы:

Қақпашылар:  Дибуш Денеш (Ференцварош), Давид Гроф (Гонвед), Петер Гулачи (РБ Лейпциг, Германия), Адам Ковачик (Видеотон).

Қорғаушылар:  Барнабаш Беше (Гавр, Франция), Эндре Ботка (Ференцварош), Аттила Фиола (Видеотон), Ричард Гузмич (Сепьен), Сильвестр Хандья (Вашаш), Тамаш Кадар (Динамо, Украина), Золт Корчмар (Мидтьюлланд, Дания), Адам Ланг (Нанси, Франция), Гевре Ловренчич (Ференцварош), Кеннет Отигба (Ференцварош), Янош Сабо (Пакш) ,Пауло Винисиус (Видеотон).

Жартылай қорғаушылар: Сомбор Береч (Вашаш), Акош Элек (Қайрат, Қазақстан), Патрик Хиди (Овьедо, Испания), Золт Кальмар (ДАК Дунайска Среда, Словакия), Ласло Кляйнхайслер (Астана, Қазақстан), Адам Надь (Болонья, Италия), Даниэль Надь (Уйпешт), Мате Паткои (Видеотон), Адам Пинтер (Гройтер Фюрт, Германия), Йожеф Варга (Видеотон), Балинт Вечей (Лугано, Швейцария).

Шабуылшылар: Даниэль Боде (Ференцварош), Балаш Джуджак (әл-Вахда, БАӘ), Мартон Эппель (Гонвед), Адам Дьорчо (Хайдук, Хорватия), Кристиан Немет (Нью-Ингланд Революшн, АҚШ), Неманья Николич (Чикаго Файр, АҚШ), Золтан Штибер (ДиСи Юнайтед, АҚШ), Адам Салаи (Хоффенхайм, Германия), Роланд Уграи (Дьошдьер), Роланд Варга (Ференцварош).

Бас бапкері: Жорж Лекенс (Бельгия)

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика