Вернуться к списку статей

«Атырау» Түркияда Әзірбайжан клубымен кездеседі

Футбол
1K
«Атырау» футбол клубы 9-26 қаңтар аралығында Түркияның Белек қаласында алғашқы жаттығу жиынын өткізеді.

Мұнайлы өлкенің клубы Жаңа жыл қарсаңында жас футболшыларымен «бой қыздырып», «тартылу жиынын» өткізген. Сол жиында негізгі құраммен Түркиядағы оқу-ж аттығу жиынына баратын жастарын іріктеп алды. Енді Белекке барып, толыққанды дайындық жұмыстарын өткізеді.

Осы жиын барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырған «Атырау» алғашқы қарсыласын кеше жариялады. Мұнайлы өлкенің командасы 14 қаңтар күні Әзірбайжанның күміс жүлдегері, былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Габала» клубымен кездеседі екен.

Бір қызығы, «Атырау» әлі бас бапкерін бекіткен жоқ. Команданы өткен маусымның аяғынан бері Қуаныш Қабдолов жаттықтырып, бас бапкердің міндетін уақытша атқарып жүр. Желтоқсанның аяғындағы жаттығу жиынын да осы жергілікті маман жүргізген.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика