Вернуться к списку статей

«Қайрат» Еременко кубогын биыл да жеңіп ала ма?

Футбол
1K
Фото amfr.ru сайтынан
Бүгін Ресейдің Щелково деген қаласында футзалдан Еременко кубогы халықаралық турнирі басталады.

Бесінші рет өтетін Еременко кубогына үш елден төрт команда қатысады. Олар – «Қайрат» (Қазақстан), «Никарс» (Латвия) және КПРФ, «Норильский никель» (екеуі де – Ресей). Дәстүрлі дода бір айналымдық жүйемен өтеді. Үш ойында ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Бірден айтайық, 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл турнирде Алматының «Қайраты» үш рет бас бәйгені жеңіп алып, жеңімпаз атанған болатын (2014, 2016 және 2017 жылдары). Биыл төртінші рет топ жаруды теріс көрмейді.

Енді бір көңіл аударарлығы, биылғы Еременко кубогына Дәурен Нұрғожин мен Шыңғыс Есенаманов қатыспайтын болыпты. Екеуі жарақаттарынан айығып үлгермеген. Сондықтан «Жетісу» клубынан Біржан Оразов шақыртылған. Бұл ойыншының құқығы «Қайрат» клубына тиесілі екен.

Сонымен, аталмыш кубоктың 2018 жылғы додасына «Қайрат» төмендегі құраммен аттанды:

қақпашылар – Игита, Дуду;

ойыншылар – Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Біржан Оразов, Дуглас, Лео, Тайнан, Михаил Першин, Тайеби, Алешандре, Эдуардо, Даниэль.

Ойындар күнтізбесі:

27 ақпан

20:00. «Никарс» – КПРФ
23:00. «Қайрат» – «Норильский никель»

28 ақпан

20:00. КПРФ – «Норильский никель»
23:00. «Никарс» – «Қайрат»

2 наурыз

19:00. «Норильский никель» – «Никарс»
22:00. КПРФ – «Қайрат»

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика