Вернуться к списку статей

Болгария ұлттық құрамасымен Мажарстанда ойнаймыз

Футбол
1K
Болгария ұлттық құрамасымен Мажарстанда ойнаймыз
Футболдан Қазақстан мен Болгария ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 26 наурызда өтетін болды. Бұл туралы Болгария футол одағының ресми сайты хабарлайды.

Болгария ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіндігіміз туралы сыбыстар осыдан бір апта бұрын шыға бастаған. Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс Конференциясында мұны бас хатшы Азамат Айтқожин де растады. Бірақ, ресми еш жерде жарияланған жоқ еді. Бүгін Болгария футбол одағының ресми сайты ойынның 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында өтетіндігін мәлімдеді. Ойын сиымдылығы 3816 көрерменді құрайтын «Панчо Арена» стадионында өтеді. Стадион 2014 жылы салынған. Бүгінде мұнда «Пушкаш академиясы» командасы Венгрия чемпионатында қонақтарды қабылдап жүр.

Ұлттық құрамасының бас бапкері – Петар Хубчев. 2016 жылдан бері осы қызметте. 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасында өз тобында 13 ұпай жинап, Франция, Швеция, Голландия құрамаларынан кейінгі 4-ші орынды алып қалады да, Мундиальдан тыс қалды.

23 наурызда Болгария «Лудогорец-Арена» стадионында Босния және Герцеговина құрамасын қабылдайды. Дәл сол күні біздің жерлестер Будапеште Венгриямен ойнайды.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика