Вернуться к списку статей

Самат Смақов – «Ақтөбе» клубының бас директоры

Футбол
1K
Фото fc-aktobe.kz сайтынан
«Ақтөбе» футбол клубы бүгін бас директоры қызметіне Самат Смақов бекітілгендігін ресми түрде жариялады.

Самат Смақовтың «Ақтөбе» клубына бас директор болып тағайындалғаны жөніндегі шешімді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев те қабыл алып, бекіткен. Елімізге танымал футболшы бүгіннен бастап өз қызметіне кіріседі екен. Ал бұрынғы бас директор Мақсат Тұмалиев 4 қаңтар күні қызметінен кеткен екен. 

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз-орталығында команданың бас директоры ұжым мүшелеріне бүгін таныстырылған, яғни көпшілік алдында ресми түрде жарияланған. Бұл жиынға БАҚ өкілдері, осы клубтың барлық ойыншылары мен бапкерлері қатысқан.

Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығының басшысы Қайрат Бекенов Самат Смақовтың бас директор болып бекітілгендігін көпшілік алдында жариялап, спорттық директор қызметіне кезінде «Ақтөбе» сапында ерекше көзге түскен Ұлықбек Асанбаевтың тағайындалғандығын да ресми түрде мәлімдеген.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика