Вернуться к списку статей

«Реал» мен «Барселонаға» қарсы ойнаған қорғаушы «Тобылға» келді

Футбол
1K
Фото fctobol.kz сайтынан
«Тобыл» футбол клубы Украина қорғаушысы Василий Кобинмен келісімшартқа отырғандығын ресми түрде жариялады.

Закарпатье футболының түлегі Василий Кобин бірнеше жыл «Шахтер» (Донецк) клубы сапында ойнап, Еурокубок додаларында доп тепкен. Мәселен, Чемпиондар лигасының 2015/2016 жылдар маусымында Украина кеншілері «Реалмен» бір топқа  түсіп, аталған қорғаушы Мадридтің әйгілі клубына қарсы ойнаған.

Ал 2009 жылы УЕФА суперкубогында «Шахтер» азулы «Барселона» клубымен додаға түсіп, Кобин матч соңында жасыл алаңғы шыққан болатын. Жалпы, Чемпиондар лигасында төрт, ал Еуропа лигасында 12 ойын өткізген. Украинаның ұлттық құрамасы сапында 11 кездесу өткізіпті.

1985 жылы 24 мамырда дүниеге келген қорғаушы «Шахтер» сапында сегіз жыл ойнап, алты рет Украина чемпионы болған. Одан кейін «Металлист», «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) клубтарында өнер көрсетп, «Тобылға» Украина премьер-лигасындағы «Верес» (Ровно) клубынан ауысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» биылғы маусым аралығында құрамын Джаба Канкава (Грузия), Аслан Дарабаев, Бауыржан Тұрысбек, Азат Нұрғалиев, Максим Федин, Сұлтан Әбілғазы, Вячеслав Котляр сынды футболшылармен құрамын нығайтқан болатын.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика