Вернуться к списку статей

Қазақстан бозбалалары «Даму кубогында» төртінші рет ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 – Финляндия-U17 – 1:3. Фото: abff.by
Минскіде өтіп жатқан «Даму кубогында» еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы (U-17) жеілістен көз ашпай, төртінші рет ұтылды.

2018 жылғы «Даму кубогында» «C» тобына түскен Қазақстан U-17 құрамасы төрт ойын өткізіп, төртеуінде де жеңілістің кермек дәмін татты. Топтық кезеңде Грузия және Украина ұландарынан ұтылып, соңғы турда Молдова бозбалаларымен кездескен...

Соған дейінгі екі ойында 0:7 есебімен ұтылған Молдова жеткіншектерін Ерлан Махамбедиевтің шәкірттері «қалпақпен ұрып» алар деп ойлағанбыз. Жоқ, қателесіппіз... іс жүзінде олай болмады. Қазақстан U-17 құрамасы молдовандарға да есе жіберіп алды. Есеп – 0:1.

Бұдан кейін Қазақстан U-17 құрамасы өзге екі топта төртінші орынға табан тірегендермен 10-12 орындарды сарапқа салатын болды. Әуелі «А» және «В» топтарының аутсайдерлері кездесіп, Ресей жеткіншектері Финляндия бозбалаларын 1:0 есебімен ұтты.

Ал бүгін Қазақстан бозбалалары Финляндия U-17 құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Енді ертең Ресей жеткіншектерімен кездеседі. Кемі екі доп айырмасымен жеңіске жетпесе, соңғы 12-орынға табан тіреулері әбден мүмкін...

Бірінші тур

Украина-U17 – Молдова-U17 – 4:0

Қазақстан-U17 – Грузия-U17 – 2:3

Екінші тур

Грузия-U17 – Молдова-U17 – 3:0

Қазақстан-U17 – Украина-U17 – 1:3

Үшінші тур

Украина-U17 – Грузия-U17 – 3:1

Қазақстан-U17 – Молдова-U17 – 0:1 (0:0)

Гол: Глига, 68.

Ескерту: Демин, 28. Сычев, 49. Мошнега, 60.

Қазақстан-U17: Батырханов, Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев (к), Демин (Әжімов, 53), Шәміл, Меделхан (Жарлаев, 73), Қайтмұратов, Басманов, Герасимов (Мұхамед, 61).

Қосалқы құрам: Қалтөре, Мұхамедәли, Неумывакин, Сейітов.

Молдова-U17: Смаленя, Кожокару (Гурулеа, 71), Думбравану, Габарет, Гаю, Мошнега, Сычев (к), Моцпан (Граур, 48), Чесноков, Глига (Мурованы, 71) (Спину, 79), Станчев (Тиганеску, 71).

Қосалқы құрам: Чебан, Стоянов.

Төрешілер: Д.Ковалевский, К.Титовец, В.Бабич, А.Колочинский.

25.01.2018. Минск. Минск футбол манежі.

10-12 орындар

Ресей-U17 – Финляндия-U17 – 1:0

Қазақстан-U17 – Финляндия-U17 – 1:3 (1:1)

Голдар:  Местокангас, 13 (0:1). Герасимов, 33 (1:1). Карлстрём, 47 (1:2). Олликайнен, 58 (1:3).

Ескертулер: Демин, 47. Әжімов, 56.

Алаңнан қуылды: Демин, 68.

Қазақстан-U17: Қалтөре (Батырханов, 55), Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев, Шәміл, (Демин, 38), Қайтмұратов, Жарлаев, Басманов (Әжімов, 55), Сейітов (Мұхамедов, 68), Герасимов (Меделхан, 48).

Қосалқы құрам: Неумывакин, Мұхамед.

Финляндия-U17: Синисало, Хамалайнен, Хайсканен, Ларссон (Олликайнен, 47 (Толонен, 77)), Карлстрём, Абладе, Вискари, Сипола, Лайтинен, Местокангас, Сейдиу.

Қосалқы құрам: Шмид, Райтанен, Хикканен, Саллинен, Ханнола, Рале.

Төрешілер: А.Колочинский, И.Богович, В.Бабич.

27.01.2018. Минск. Минск футбол манежі.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика