«D» лигасындағы бірінші тобына түскен Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA-ның жаңа жобасын өз алаңында бастайтын болды. Бір қызығы, Ұлттар лигасы додасының топтық кезеңін біздің елдің жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир Вайсс жаттықтыратын Грузия құрамасымен бастап, дәл осы елдің футболшыларымен түйіндейді.
6 қыркүйек, бейсенбі: Қазақстан – Грузия
10 қыркүйек, дүйсенбі: Андорра – Қазақстан
13 қазан, сенбі: Латвия – Қазақстан
16 қазан, сейсенбі: Қазақстан – Андорра
15 қараша, бейсенбі: Қазақстан – Латвия
19 қараша, дүйсенбі: Грузия – Қазақстан
Естеріңізге сала кетейік, осы топта бірінші орынға ие болған құрама «C» лигасына көтеріледі. Сонымен қатар, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасын сарапқа салу құқығына ие болады.