Вернуться к списку статей

"Қайрат" мына құраммен "Астанаға" бәсекелес бола ала ма?

Футбол
1K
Кеше Түркияның Анталия қаласына жеткен Алматының «Қайрат» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Команда құрамында 27 футболшы бар.

Бұл «Қайраттың» жаңа маусым алдындағы екінші жаттығу жиыны десек те болатын шығар. Біріншісін оңтүстік астаналықтар қаңтардың басында өз базасында өткізген. Енді екі аптадай Жерорта теңізінің жағалауында жаттығады. Жиын барысындағы спарринг-қарсыластары да анықталды.

Алдымен испан маманы Карлос Алос Феррер шәкірттері 28 қаңтарда Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездеседі. Болгарияда қазір қысқы үзіліс. Командалар маусымның қалған ойындарын 17 ақпаннан бастап өткізеді. Қазір «Лудогорец» өз чемпионатында 48 ұпаймен бірінші орында келеді.

Ақпанның 1-і күні алматылықтар Санк-Петербургтің «Динамосына» қарсы алаңға шығады. Ресейдің Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін бұл команда әзірге 5-ші орында келеді.

Ал соңғы ойын 4 ақпанға жоспарланған. Қарсыластары Сербияның «Вождовац» командасы. Небәрі 6-шы орында келе жатқан бұл команда ел чемпионатының көшбасшысы «Црвена Звездадан» 21 ұпайға артта.

Бұл жиынға Карлос Алос Феррер 27 футболшыны алып кетіпті. Олардың ішінде «Қайрат» академиясының жастары да бар. Жиын қорытындысы бойынша алматылықтардың құрамынан жаңа легионерлерді де көріп қалуымыз ғажап емес.

«Қайрат» ФК

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Илья Караваев;

Қорғаушылар: Станислав Лунин, Тимур Рудосельский, Седрик Гогуа, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Гафуржан Сүйімбаев, Александр Соколенко, Нұралы Әліп, Ермек Қуантаев, Шелдон Бато;

Жартылай қорғаушылар: Магомед Парагульгов, Исаэль Барбоза, Акош Элек, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Рифат Нұрмұхамет, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Иво Иличевич, Максим Котов, Андрей Аршавин;

Шабуылшылар: Чума Анене, Вячеслав Швырёв, Самат Сәрсенов.  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика