Вернуться к списку статей

Қазақстан Суперкубогы «Астана-Аренада» өтеді

Футбол
1K
Қазақстан Суперкубогы
Бүгін Астанада Кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, Қазақстан Суперкубогының өтетін жері мен уақыты белгілі болды.

Маусымашар ойын 4 наурызда елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтетін болды. Суперкубокқа биыл ел чемпионы «Астана» мен Кубок иегері Алматының «Қайраты» таласады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Суперкубогы 1995 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ, 1995 жылдан кейін арасы 13 жылға үзіліп қалған. 2008 жылы бір рет өткенімен тағы бір жыл үзіліс болды. Дегенмен, 2010 жылдан бері тұрақты өтіп келеді.

Осы уақытқа дейін Суперкубок ойыны 7 рет «Астана-Аренада», үш рет Алматының Орталық стадионында өткен. «Ақтөбе» 3 рет жеңіп алса, «Астана» мен «Қайрат» екі реттен жеңімпаз атанып, «Шахтер», «Елімай», «Ордабасы», «Тобыл», «Восток» және «Атырау» бір реттен Суперкубокты ұтып алған.

Ең көп жинаған ойын – «Астана» мен «Қайрат» кездесуі. 2015 жылы «Астана-Аренада» өткен матчқа 20 мың көрермен жиналып, пенальти сериясында елордалықтар жеңіске жеткен.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика