Вернуться к списку статей

Бауыржан Жолшиев «Астана» сапына қосылды

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» клубының сапына Бауыржан Жолшиев қосылды. Бұл ақпаратты клубтың ресми сайты таратты.

Бауыржан Жолшиев 2014-2015 жылдары «Астана» сапында ойнаған. Команданың негізгі ойыншысына айналып, Қазақстан ұлттық құрамасы сапына да алынған. Ал 2016-2017 жылдары еркін агент ретінде бос жүріп қалды...

«Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Бауыржан Жолшиевке үлкен сенім артатындарын мәлімдепті. Әрі жаттығу жұмыстарына ерекше ден қойып, шүмектетіп тер төгіп, бұрынғы спорттық деңгейіне қайта көтеріледі деп, үміттенетіндігін де тілге тиек еткен. Өз басы соған сенетіндігін білдірген.

Жалпы, Жолшиев «Астана» сапында 69 ойын өткізіп, 15 гол соққан. Тоғыз рет нәтижелі пас беріпті. Елорда клубымен Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Кім біледі, биыл сол жетістігін қайталайтын да шығар...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика