Рейтингке барлығы 403 команда еніпті. Оның үшеуі Қазақстанның командасы. 2016 жылды 72-орынмен қорытындылаған «Астана» 57 саты төмен сырғып, 129-орынға орналасқан. Алматының «Қайратында» 105 ұпай бар. Олар 2016 жылмен салыстырғанда жағдайын жақсартып, 157-ші сатыға көтерілген. Сондай-ақ, Павлодардың «Ертісі» де 300 сатыға бір-ақ өрлеген.
Ал бірінші орында Мадридтің «Реалы». Өткен маусымда Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасы мен Әлем чемпионатын ұтып алған Зинедин Зидан командасы 328 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Бразилияның «Гремиосы». Үздік үштікте Еуропа лигасында ерлеген «Манчестер Юнайтед».
Жалпы, IFFHS клубтардың рейтингін түзумен 1991 жылдан бері айналысып келеді. Клубтардың құрлықтағы, құрлықаралық турнирлердегі, ел чемпионатындағы және ел кубогындағы (1/16-финалдан бастап) ұпайларын есептеп отырады. Барлық елдер төрт санатқа бөлінген. Бірінші санаттағы елдердің клубтары өз чемпионаттарында әр жеңіс үшін 4 ұпайдан алады. Тең ойынға екі ұпай. Екінші санаттағы клубтар әр жеңіске 3, тең ойынға 1,5 ұпайдан алады.
Құрлықтық турнирлерде барлық клубтар бірдей ұпай алады. Дегенмен, Чемпиондар лигасы мен Либертадорес кубогында берілетін ұпайлар Еуропа лигасы мен Оңтүстік Америка кубогына қарағанда көбірек.