Вернуться к списку статей

Қазақстан футбол федерациясы Ресей суперкубогын өткізуге мүдделі ме?!

Футбол
1K
Фото tass.ru сайтынан
Ресей футболы премьер-лигасының президенті Сергей Прядкиннің сөзіне сенсек, біздің елде осы мемлекеттің суперкубогы өтуі мүмкін екен...

Бүгін көрші елдегі tass.ru басылымы Ресей футболы премьер-лигасының басшысы Сергей Прядкиннің сөздерін жариялады. Онда РФПЛ президенті 2018 жылғы Суперкубогын өз жерлерінде өткізуге Катар мен Қазақстанның өтініш білдігендерін мәлімдеген.

«Талқылап жатырмыз, клубтармен келістік, қай жерде өтетіні ақпан айының басында шешміз», – депті Сергей Прядкин. Бұл жерде біраз шығынды (бәлкім, бәрін де болар) Суперкубок додасын өткізетін ел (федерация) өз мойнына алатыны, айтпаса да түсінікті...

Осы ақпарат біздің елге жеткен бетте, отандық жанкүйерлер әлеуметтік желілер арқылы наразылықтарын білдіріп жатыр. «Өз біріншілігімізді қызықты да, тартымды етіп өткізе алмай жатып, бұлары несі» деп, таңданушылар да бар... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика