Вернуться к списку статей

Көшбасшы сегізінші турда сүрінді

Футбол
2K
«Шахтер» – «Астана» – 1:0. Фото: fca.kz
Бүгін Қазақстан премьер-лигасында сегізінші турдың ойындары өтті. Кейбір ойындар ешкім күтпеген нәтижемен аяқталып, жанкүйерлерді таң қалдырды.

«Астана» Теміртауда Қарағандының «Шахтерынан» ұтылып қалды. Бұл – елорда клубының биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Ал «Қайсар» керісінше, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Әрі қандай жеңіс?! Қостанайда «Тобылды» ірі есеппен тізе бүктірді.

«Қайрат» Талдықорғанда «Жетісуды» жеңіп, үш ұпай еншіледі. «Астанадан» бір ойын кем өткізген. Әйтпесе, жоғалтқан ұпайларын есепке алсақ, ел чемпионыннан жоғары тұруы керек еді. «Ордабасы» Шымкентте өткен тартысты ойында «Ертістен» басым түсті.

«Қызыл-Жар» өз алаңында «Ақжайықтан» басым түсті. Соңғы үш турда жеңілісті ұмытқан Орал клубы бүгін әдеттегідей жанкештілік таныта алмады. Ал «Атырау» мен «Ақтөбе» Жайық жағасында ұпай бөлісті. Сөйтіп, турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі бәсекелестік қыза түсті.  

«Шахтер» – «Астана» – 1:0
Гол: Кояшевич, 70.

«Жетісу» – «Қайрат» – 1:3
Голдар: Анене, 10 (0:1). Рудосельский, 16-автогол (0:2). Қожамберді, 47 (1:2). Лунин, 71 (1:3).

«Тобыл» – «Қайсар» – 0:3
Голдар: Жаңғылышбай, 37. Нарзілдаев, 47. Курьор, 82.

«Ордабасы» – «Ертіс» – 1:0
Гол: Бочаров, 54.
Алаңнан қуылды: Есімов /«Е»/, 61 (екінші ескерту)

«Қызыл-Жар» – «Ақжайық» – 2:1
Голдар: Григалашвили, 32-пенальтиден (1:0). Гогуа, 36 (2:0). Ерсәлімов, 90+3 (2:1).

«Атырау» – «Ақтөбе» – 1:1
Голдар: Марьянович, 37 (0:1). Сикимич, 84 (1:1).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика