Вернуться к списку статей

«Қайрат» Алесионың орнына Ангулоны алды

Футбол
1K
Фото afckairat.kz сайтынан
Испания маманы Маркос Антонио Ангуло Лопес «Қайрат» футзал клубының кеңесші-жаттықтырушысы болып бекітілді.

«Қайрат» футзал клубының ресми сайты 50 жастағы Испания маманының бас бапкердің кеңесшісі болып бекітілгендігін жариялады. Ангуло өз елінде «Пинеда» және «Жирона» клубтарының спорттық директоры болған. Одан кейін Венгрияның «Дьер» клубын жаттықтырған.

Осы команданы өрге сүйреп, бірнеше рет Венгрия чемпионаты мен кубогын жеңіп алған. Ал 2017/2018 жылдар маусымында Румынияның «Дева» клубының бас бапкері болып тағайындалған. Жақында, УЕФА кубогының жартылай финалдық сатысында «Қайрат» осы клубты 5:2 есебімен ұтқан болатын.

Енді, міне, осы бапкермен жаттықтырушылар құрамын нығайтып отыр. Бразилия маманы Алесио Әзірбайжанға кетіп қалған соң, «Қайраттың бас бапкеріне білікті маман қажет болғанға ұқсайды. Ал Какау – Ангуло жұбының қалай болатындығын уақыт көрсетеді...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика