Вернуться к списку статей

23 клубтан 42 команда шығарып, үш лигаға бөлдік...

Футбол
1K
«Қайрат» футбол клубының үш лигада да командасы бар. Фото: fckairat.com
Осы аптаның аяғында Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті кезекті отырысын өткізіп, 2018 жылғы ел чемпионатында додаға түсетін командаларды жариялады.

2018 жылғы ел чемпионатынде 42 команда додаға түседі. Премьер-лигада, 12, Бірінші лигада 11, ал Екінші лигада 19 команда ойнайды екен. Алайда, түптеп келгенде бары – 23 клуб қана.

Сонымен, еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы өткізетін Қазақстан чемпионаты аясында биыл мына командалар додаға түсетін болып бекітілген:

Премьер-лига

«Ақжайық» ФК (Орал)
«Ақтөбе» ФК (Ақтөбе)
«Астана» ФК (Астана)
«Атырау» ФК (Атырау)
«Ертіс» ФК (Павлодар)
«Жетісу» ФК (Талдықорған)
«Қайрат» ФК (Алматы)
«Қайсар» ФК (Қызылорда)
«Қызыл-Жар СК» ФК (Петропавл)
«Ордабасы» ФК (Шымкент)
«Тобыл» ФК (Қостанай)
«Шахтер» ФК (Қарағанды)

Бірінші лига 

«Алтай» (ШҚО)
«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Қайсар» ФК құрылымындағы команда
«Екібастұз» (Екібастұз)
«Жетісу Б» (Талдықорған) – «Жетісу» ФК құрылымындағы команда
«Қайрат А» (Алматы) – «Қайрат» ФК құрылымындағы команда
«Каспий» (Ақтау)
«Қыран» (Шымкент)
«Мақтаарал» (Мақтаарал ауданы, ОҚО)
«Оқжетпес» (Көкшетау)
«Тараз» (Тараз)
«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Шахтер» ФК құрылымындағы команда

Екінші лига

«Академия «Оңтүстік» (Шымкент)
«Ақжайық» (Орал) – жастар командасы
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – жастар командасы
«Алтай» (ШҚО) – жастар командасы
«Астана» (Астана) – жастар командасы
«Атырау» (Атырау) – жастар командасы
«Ертіс» (Павлодар) – жастар командасы
«Жетісу» (Талдықорған) – жастар командасы
«Қайрат» (Алматы) – жастар командасы
«Қайсар» (Қызылорда) – жастар командасы
«Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – жастар командасы
«Оқжетпес» (Көкшетау) – жастар командасы
«Ордабасы» (Шымкент) – жастар командасы
«ОСДЮСШОР – Жас Ұлан» (Шымкент)
«Рузаевка» (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, СҚО)
«СДЮШОР №7» (Шымкент)
«Тараз» (Тараз) – жастар командасы
«Тобыл» (Қостанай) – жастар командасы
«Шахтер» (Қарағанды) – жастар командасы

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика