Вернуться к списку статей

"Ертіс" бас бапкерін алмастырғанымен "Қайратты" жеңе алмады

Футбол
1K
Алматының «Қайраты» түзде Павлодардың «Ертісімен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша оңтүстік астаналықтар 17 ұпаймен турнир кестесінде «Астананың» соңынан қуып келеді.

Қазақ футболының тарихында тұңғыш рет испан мамандарының дербиін көреміз деген үміт болған. Алайда, бүгін таңертең «Ертістің» бас бапкері Херард Нустың қызметінен босағаны белгілі болды. Онда да үлкен даумен кетіп бара жатыр екен. Әу баста ешқандай өтемақысыз «Ертістен» тып-тыныш қана кетіп қалуды ойлаған пиренейлік жаттықтырушы клуб басшылары тарапынан болған әділетсіздікке шыдай алмай, «енді компенсациясыз кетпеймін» деп отырған көрінеді. Ал «Қайратқа» қарсы команданы Павлодарға Нуспен бірге келген ресейлік маман Дмитрий Кузнецов бастап шықты.

«Ертіс» (Павлодар) – «Қайрат» (Алматы) 1:2 (1:1)

Голдар: Попадюк, 12 (1:0). Аршавин, 45 (1:1). Чума, 63 (1:2).

Ескертулер: Элек 5, Бато 17, Попадюк 22, Есімов 83.

«Ертіс»: Калмыков, Кисляк, Попадюк (Воменко 74), Адриан, Гболахан, Фонсека, Стаменкович, Шмидт, Есімов (к), Калинин (Падилья 81), Кислицын.

Резерв: Бекбаев, Аврамия, Айтбаев, Әмірханов, Розыбакиев, Шестаков, Смаилов.

«Қайрат»: Покатилов, Исаэл, Бато, Элек, Хуан Фелипе (Әбікен 85), Аршавин, Уго (Чума 46), Лунин, Сүйімбаев, Исламхан (к) (Парагульгов 69), Қуат.

Резерв: Плотников, Ахметов, Вороговский, Соколенко, Әліп, Швырев.

Төрешілер: Асқат Абданбаев (Тараз), Серік Жаппасбаев (Қызылорда), Максим Панин (Қостанай). Қосымша төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Сәкен Байымбет (Тараз).

Павлодар қаласы, "Орталық стадион". 3500 көрермен.

Алаң иелері кездесуді қарқынды бастаған. Бірінші минуттардан бастап-ақ павлодарлықтар ошабуылға лап қойды. Осылайша ойынның 12-ші минутында-ақ Илья Калининнің оң қапталдан әуелете асырған пасы Дору Попадюктің басынан дәл табылып, румын легионері есеп ашты. Алайда, бұдан кейін ойынға қонақтар кірісті. Жан-жақтан ұйымдастырған шабуылдары бірден нәтиже бермегенімен алматылықтар үзілісіке дейін есепті теңестіріп үлгерді. Алаң иелерінің айып алаңындағы қарбаласты пайдаланып, әріптесінен жеткен допқа аяғын дәл қоя салған Андрей Аршавин болатын. Екінші таймда Шава әріптесі Чума Анененің гол соғуына мүмкіндік жасап, «Қайрат» жеңісті жұлып алды.

Енді келесі турда Карлос Алос шәкірттері Талдықорғанға қонаққа барса, қатарынан бесінші турда ұпай жоғалтып, еңсесі түскен «Ертіс» Шымкентке аттанып, «Ордабасымен» ойнайды.


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика