Жеребе тарту рәсімі алдында барлық 8 команда бір қоржынға салынды. Яғни бәрі тең жағдайда болды. Алматының «Қайратының» көпшілікке танымал, бұрынғы ойыншысы, ардагер шабуылшы Евстафий Пехлеваниди жеребе тарту рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысып, Қазақстан кубогының ширек финалында кездесетін командалар жұбын анықтады:
«Ордабасы» – «Қайрат»
«Мақтаарал» – «Ертіс»
«Атырау» – «Тобыл»
«Шахтер» – «Қайсар»
Ширек финалдық ойындар 23 мамыр күні, әр жұпта бірінші жазылған клубтың алаңында өтеді. Бұлар ел кубогының 1/4-финалында бір-ақ матчтан өткізеді. Егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, онда 15 минуттан қосымша екі экстра-тайм өткізіледі. Егерде осы қосымша экстра-таймдарда да тең есеп сақталса, келесі кезеңге шығатын команда пенальти соғу арқылы анықталады.