Вернуться к списку статей

«Тобыл» жеңіліп, «Жетісу» тең түсті

Футбол
1K
Фото caykurrizespor.org.tr сайтынан
Бүгін Қазақстан премьер-лигасындағы екі клуб Түркияда жолдастық кездесу өткізіп, 2018 жылғы алғашқы ойындарын өткізді.

«Тобыл» футбол клубы Түркияда жергілікті «Чайкур Ризеспор» клубымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Екі гол да екінші таймда соғылды. Қостанай клубының бапкерлеі алаңға жас футболшыларын және сынақтан өткізіп жатқан ойыншыларын шығарып, бәрін де іс жүзінде тексеріп алуға тырысты.

Бұл «Тобылдың» Белекте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесуі болатын. Қостанайлықтар енді «Сивасспор» клубымен додаға түседі. «Тобыл» футбол клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл матч 15 қаңтар күні Астана уақытымен 20:30-да басталады.

«Жетісу» клубы да бүгін Түркияда жолдастық кездесу өткізді. Анталияда «Сивасспор» клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Әзірше толық ақпарат жоқ. Талдықорған клубы сапынан кімнің гол соққанын кейінірек қосамыз.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика