Бұл ақпаратты бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялады. Осыдан екі күн бұрын ғана Адриан Сосновсий «Атырау» футбол клубына бас бапкер болып бекітіліп еді, енді Геннадий Скуртул ел федерациясына келіп отыр.
Жалпы, білікті маман секілді. Осы ретте Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы мәліметтерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз:
УЕФА-ның бапкерлерге дәріс беру бойынша комиссиясының мүшесі және УЕФА-ның техникалық бақылаушысы Геннадий Скуртул Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығына кеңесшісі болып тағайындалды.
Оның міндеті – Техникалық орталықтың жұмысына кеңес беру, сонымен қатар, алдағы уақытта жаттықтырушыларға білім беру жобасын жүзеге асырып, жаңа ережелер енгізу.
Биографиялық мәлімет:
Геннадий Скуртул
1972 жылдың 26 ақпанында Молдова астанасы Кишинев қаласында дүниеге келген.
«Нистру», «Зимбру» және «Тигина» (бәрі де – Молдова) клубтарында, сонымен қатар Молдова жасөспірімдер құрамасында ойнаған.
Молдова ұлттық лигасының матчтарында төреші, инспектор ретінде қызмет атқарған.
УЕФА-ның PRO дәрежелі (санатты) маманы.
2009 жылдан бастап УЕФА делегаты.
2009 жылдан бастап Молдова футбол федерациясының техникалық директоры, жаттықтырушылар комитетінің төрағасы және жаттықтырушылар мектебінің директоры.
2012 жылдан бастап УЕФА Техникалық нұсқаушысы
2013 жылдан бастап УЕФА-ның бапкерлерге дәріс беру комиссиясының мүшесі
2013 жылдан бастап УЕФА-ның техникалық бақылаушысы
2017 жылдан бастап УЕФА-ның бұқаралық футбол кеңесшісі