Вернуться к списку статей

«Ордабасы» басшылары да Болгария маманын таңдады

Футбол
1K
Фото fcordabasy.kz сайтынан
Бүгін «Ордабасы» клубында жалпыкомандалық жиналыс өтіп, жаңа бас бапкері таныстырылыпты.

«Ордабасы» бас бапкерлік тізгінін Болгария маманы Георги Дерменджиевке сеніп тапсырғандығын ресми түрде бүгін ғана мәлімдеді. Бұл ақпаратты клубтың ресми сайты жариялады. 63 жастағы жаттықтырушы бұған дейін өз елінде «Спартак» (Пловдив), «Сливен» және «Лудогорец» командаларының бас бапкері болған.

Соңғысымен, яғни «Лудогорец» клубымен үш рет Болгария чемпионы болып, 2014-2015 және 2016-2017 жылдар маусымында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан. Еуропа лигасының 1/16-финалында ойнаған. Болгарияның суперкубогын да жеңіп алған.

Бүгінгі жиналыста Георги Дерменджиев «Ордабасы» футболшыларына:

Ең бастысы, жаттығу жұмыстарында аянбай тер төгіп, ойында да, күнделікті тұрмыста да тәртіп сақтаңыздар. Бід чемпионатта да, Еурокубок додасында да алдымызға тек өте жоғары мақсаттар қоямыз. Егер жаттықтырушылар құрамының талаптарын бұлжытпай орындайтын болсаңыздар, бәріне де қол жеткізетінімізге бек сенімдімін, – депті.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика