Вернуться к списку статей

ҚФФ президенті тізіп шыққан жетістіктеріміз...

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан
Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов Жаңа жылмен құттықтап, былтырғы «жетістіктерімізді» тізіп шығыпты. Әрі алдағы «жарқын» жеңістерімізді де тілге тиек еткен...

Құрметті достар!

Өткен жыл жарқын оқиғаларға толы болды! Еліміздің жастар құрамасының 2019 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығуына керемет мүмкіндік бар. Владимир Никитенко жаттықтыратын құрама әр матчта бар күш-жігерін салып, Люксембург, Болгария және Черногория құрамаларымен өткен ойында маңызды ұпайларды еншіледі.

«Астана» клубының Еуропа алаңдарында көрсеткен жоғары жетістіктері Қазақстан үшін тарихи оқиға саналады. Еліміздің төрт дүркін чемпионы Еуропа Лигасының топтық кезеңінен шығып, Қазақ футболының тарихында тағы бір белесті бағындырды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Уэльс футболшыларын ұтып, Словакиямен ұпай бөлісе алды.

2017 жылы Қазақстан футбол федерациясы мен Білім және ғылым министрлігі бірлесе отырып, «Футбол сабағы» жобасын бастады. Пилоттық бағдарлама аясында еліміздің 215 орта мектебінде бастауыш сыныптағы дене шынықтырудың әр үшінші сабағы футболға арналған. Еліміздің футбол орталықтарында Қазақстан футбол федерациясы 2012-2022 жылға арнап жасаған бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Өткен жылы Қазақстан футбол федерациясы БМС ауруына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол едерациясына құрамына қабылданды. Қазіргі таңда Алматыда тірек-қимыл мүшелері зақымданған балалар үшін 6 команда бар.

2017 жылдың күзінде Қазақстан және Орталық Азия тарихында алғаш рет ерекше балалар арасында футбол чемпионатын ұйымдастырдық. Футболмен айналыса отырып, балалардың денсаулығы жақсарып қана қоймай, көңіл-күйі де көтеріліп, өз-өзіне деген сенімділік пайда болды. Келер жылы мұндай үйірмелерді Қарағанды, Астана және Көкшетау қалаларында жалғасын таппақ.

2018 жылы елордада «Футбол үйі» есігін ашпақ. Астанадағы көп салалы ұлттық футбол кешені еліміздің футбол жетістіктерінің бастамасы болатынына сенім мол.

2018 жылы Қазақ футболын жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. УЕФА-ның жаңа жобасы – «Ұлттар Лигасында» бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасына жанкүйер боламыз.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатында сынға түседі. Олар екі жыл бұрынғы Сербиядағы жетістікті қайталайды деген үміттеміз. Ол кезде жігіттеріміз қола жүлде жеңіп алған еді. «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Португалияның «Спортинг» командасымен жолығады.

Біздің жанкүйерлер Қазақстан жастар құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңідегі Франция, Люксембург және Словениямен өткізетін ойындарын асыға күтеді. Ал, еліміздің әйелдер құрамасы өз алаңында Ресей және Англия құрамаларын қабылдайды.

Еліміздегі футбол жанашырлары мен жанкүйерлерін Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Футболды жақсы көрейік! Жаңа жылда жеңісті күндер, қуанышты сәттер көп болсын!

 

Қазақстан футбол федерациясының президенті
Сейілда Байшақов

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика