Вернуться к списку статей

Ескендір Зұлқарнайын ұрпақтарын алып ұрдық

Футбол
2K
Ескендір Зұлқарнайын ұрпақтарын алып ұрдық
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2018» іріктеу додасын сәтті бастады. Оңтүстік астанамыздың «Алматы Арена» стадионында өткен ойында жерлестеріміз Македония қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Бірақ, Македонияның да біздің топтың аутсайдері екенін айта кеткеніміз жөн. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып, Ресей, Италия сынды алыптарды тізерлеткен Қазақстан футзалшыларына Македонияң сөз болып па?

Қазақстан – Македония 3:0

Голдар: Лео, 13. Жаманқұлов, 19. Ақбалықов, 33.


Есепті ойынның 12-ші минутында Португалияның «Спортингінен» келген Лео ашты. Үзіліске бір минут қалғанда Леоның пасынан кейін Серік Жаманқұлов есепті еселеді. Ал екінші таймды қарқынды бастаған жерлестеріміз Ескендір Зұлқарнайын ұрпақтарының қақпасына үшінші голды соқты. Авторы Альберт Ақбалықов.

Енді ертең бразилиялық бапкер Алесио баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Дания футзалшыларымен ойнайды. Өз кезегінде даттар бүгін Чехиядан 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Григорий Шамро (Ақтөбе), Игита (Қайрат);

Ойыншылар: Арнольд Кнауб (Жетісу), Серік Жаманқұлов (Қайрат), Лео (Спортинг, Португалия), Дінмұхамбет Сүлейменов (Қайрат), Александр Довгань (Жетісу), Шыңғыс Есенаманов (Қайрат), Михаил Першин (Қайрат), Қайрат Иманалин (Ақтөбе), Дуглас (Қайрат), Дәурен Тұрсағұлов (Жетісу), Альберт Ақбалықов (Ақтөбе), Біржан Оразов (Жетісу). 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика