Вернуться к списку статей

Қайрат Боранбаев – Кахаберге толық сенеміз

Футбол
1K
Кахабер ешқайда кетпейді... Фото: fckairat.com
«Қайрат» футбол клубының Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев грузин маманы Кахабер Цхададзеге қолдау көрсетіп, әлі де сенім артатындарын білдірді.

«Қайрат» футбол клубының Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев өзінің instagram-дағы жеке парақшасына команданың бас бапкері Кахабер Цхададзеге қолдайтындығын білдірді. Сәл кейінірек төраға сөзі клубтың ресми сайтында жарияланды:

«Қайраттың» бас бапкеріне қатысты өршіп бара жатқан сыбысты сейілткім келеді. Кахабер күмәнсіз өз жұмысын жалғатыра береді. Біз оған толықтай сенеміз, әрі бұл қызметке ешқандай да басқа үміткерлерді қарастырып та, іздестіріп те жатқан жоқпыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Қазақстан чемпионатында бірнеше рет тең түсіп, ұпай жоғалта бастағанда, Ресей басылымдары «Цхададзенің орынтағы шайқала бастады» деп, “сүйіншілерін” дайындауға кірісті.

Ал Алматы клубы өз алаңында «Ертісті» жеңе алмай, төртінші рет тең түскенде, оларды отандық басылымдар да іліп әкетіп, алып-қашпа сөздер көбейіп кетті. Кейбір басылымдар тіпті «Қайратқа» «Оқжетпестің» бас бапкері Владимир Мухановты “атастыра” бастады.

Қазір, «Қайрат» шынымен де өз жағдайын тығырыққа тіреп алды. Ел чемпионатында бес ойын өткізіп, бірінші турда ғана жеңіске жетіп, содан бері төрт рет қатарынан тең түсті. Қазір бес ойыннан жеті ұпай еншілеп, 5-орында тұр. Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, қоржынына салғанынан жоғалтқаны көп (сегіз ұпай жоғалтты).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика