Вернуться к списку статей

Бірінші лиганың ойындар кестесі жайлы Кәсіпқой футбол лигасы неге үнсіз?

Футбол
1K
Бірінші лиганың ойындар кестесі жайлы Кәсіпқой футбол лигасы неге үнсіз?
Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының басталуына небәрі 9-ақ күн қалды. Бірақ ойындар күнкестесі әлі жасалған жоқ. Бірінші турда кімнің кімдермен кездесетіні әзірге белгісіз.

Негізі, Бірінші лиганың ойындар күнкестесі ақпан айының 20-сында жасалып қойған. Алайда, «Алтай» футбол клубы шеттетілгеннен кейін Бірінші лигада тоғыз-ақ команда қалды. Шығыстықтар тұсаукесер турда Теміртаудың «Шахтер-Болатын» қабылдауы қажет болатын. Сәуірдің 4-і күні Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында «Алтайдың» сертификация талаптарынан өтпей қалғаны туралы жарияланды. Оның орнына басқа «Алтайдың» құрылғаны белгілі болып, ол Екінші лигаға тіркелді.

Дегенмен, Бірінші лигада маусымның басталуына аз ғана уақыт қалды. Бірінші тур 15 сәуірге белгіленген. Ал командалар пойыз немесе ұшақ билеттерін ерте бастан алып, баратын жерінің жатын орнын қазірден қамдауы тиіс. «Екібастұз» Шымкентке баратын еді немесе «Байқоңыр» Ақтауға жол жүруі тиіс деп ешбір теміржол компаниясы олар үшін билеттерін соңына дейін ұстап тұрмайды. 

Егер «Алтайдың» біріншіліктен шеттетілуіне байланысты ойындар кестесі табан астында өзгеріп кетсе, қонаққа баратын командалар қиын жағдайға қалып қоюы әбден мүмкін. Сондықтан, Қазақстан Кәсіпқой лигасына ерте күнді кеш қылмай, ойындар кестесіне байланысты болуы мүмкін өзгерістерді тез арада жариялау қажет. Тек командалар ғана емес, көпшілік те білсін.

Ал бұрынғы ойындар кестесі бойынша Бірінші лиганың бірінші турында мына командалар кездесуі тиіс болған:

15 сәуір (сенбі)

«Каспий» (Ақтау) – «Байқоңыр» (Қызылорда)

«Алтай» (ШҚО) – «Шахтер-Болат» (Теміртау)

«Қыран» (Шымкент) – «Екібастұз»

«Жетісу» (Талдықорған) – «Қайрат-А» (Алматы)

«Мақтаарал» (ОҚО) – «Қызыл-Жар» (Петропавл)

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика