Вернуться к списку статей

Үш турда әлі бір гол соқпаған команда бар...

Футбол
2K
Қазақстан премьер-лигасында үш турда әлі бірде-бір гол соқпаған команда бар. Ал өз қақпасына бірде-бір доп жібермеген клуб жоқ...

ФИФА-ның ресми күндері аяқталды. Енді аз ғана үзіліс алған ел чемпионаты қайта жалғасады. Яғни ұлттық құрамаға ауған бар назарымызды қайтадан төл біріншілігімізге бұрамыз...

Ертең төртінші турдың ойындары басталады. Осыған орай, алғашқы үш турдағы жалпы жағдайға қысқаша тоқталып өтсек деп едік.

  • Үш турда да жеңіске жеткен, жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізген – «Қайсар» ғана;
  • Әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған командалар төртеу – «Қайсар», «Ордабасы», «Ертіс», «Қайрат»;
  • Әлі жеңіске жетпеген командалар да төртеу – «Тараз», «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау»;
  • Үш турда тең түсіп көрмеген командалар екеу-ақ – «Қайсар», «Ақжайық»;
  • Әлі бірде-бір гол соқпаған команда біреу-ақ – «Ақтөбе»;
  • Ал өз қақпасына бірде-бір доп жібермеген команда жоқ. Бұл ешбір команданың қорғанысының төрт құбыласы тең емес екендігін сездіретіндей...
  • Өз қақпасына ең көп гол жіберген команда – «Ақжайық» (6 доп). Одан кейін – ел чемпионы «Астана» мен көш соңындағы «Атырау» (5 доптан);
  • Ең көп гол соққан командалар – «Ордабасы» мен «Ақжайық» (5 доптан);
  • Мергендер тізімінде көш бастап тұрған – Алексей Щеткин (3 гол, «Тобыл»).


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика