Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейідахмет “Таразбен” бір жылға келісімшартқа отырды

Футбол
2K
Еркебұлан Сейідахмет – Гранаткин турнирінде. Фото: granatkin.com
Қазақтың 17 жастағы жас таланты Еркебұлан Сейідахмет 2017 жылы «Тараз» футбол клубы сапында ойнайтын болды.

«Тараз» футбол клубының әлеуметтік желідегі жеке парақшасы Еркебұлан Сейідахметтің биыл «Тараз» сапында өнер көрсететіндігін қуана жазды:

«Ресми мәлімдеме: Еркебұлан Сейідахмет 2017 жылы «Тараз» сапында ойнайтын болады. Ойыншымен бір жылдық келісімшартқа қол қойылды».

Алайда, жас футболшының «Тараздың» қай лигадағы құрамында ойнайтындығы анық жазылмаған. «Тараз» сапында Қазақстан премьер-лигасында ма, әлде «Тараз-U21» құрамында 2-лигада ма, белгісіз...

Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Сейідахмет биыл жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы сапында «Гранаткин мемориалы» халықаралық турниріне қатысып, мамандар көзіне ілікті.

Одан кейін «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) клубының жастары сапына шақыртылды. «Зенит-Ж» сапында Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы «Viareggio Cup» дәстүрлі халықаралық турниріне қатысып, АҚШ командасының қақпасына төрт гол соқты.

Бірақ «Зенит» футбол клубы қазақтың жас талантымен әзірше келісімшартқа отыра алмайтындығы мәлім болды. Өйткені, ФИФА ережесі бойынша, 18 жасқа дейінгі жас футболшылармен халықаралық трансферге тыйым салынған.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика