Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейідахмет Италияда төрт гол соқты

Футбол
3K
Еркебұлан Сейідахмет
Жасөспірімдер арасында Италияда өтіп жатқан «Viareggio Cup» турнирінде Еркебұлан Сейідахмет АҚШ командасының қақпасына төрт гол соқты.

Кеше түнде (біздің уақытпен) «Viareggio Cup» турниріннің топтық кезеңі аяқталды. «С» тобындағы үшінші турда Ресейдің «Зениті» АҚШ-тың «Атлетик Юнион» деп аталатын клубымен кездесіп, 8:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы төрт голды петерборлық клубтың сапында жүрген қазақтың дарынды шабуылшысы соқты. Еркебұлан Сейідахмет теңбіл допты 30 минуттың ішінде төрт рет «Атлетик Юнион» қақпасында тулатты (4, 14, 17, 34 – минуттарда).

Бірақ «Зенит-Ж» Италиядағы «Viareggio Cup» турнирінің келесі кезеңіне шыға алмады. Егер бірінші турдағы 1:1 есебімен тең түскен матчтың нәтижесі жоққа шығарылмағанда, доп айырмасымен плей-оффқа шығатын да еді. Бірақ оның сәті түспеді...

«С» тобындағы ойындар нәтижесі:

13 наурыз, дүйсенбі

«Асколи» – «Атлетик Юнион» (АҚШ) – 2:0
«Эмполи» – «Зенит-Ж» – 3:0 (тех.жеңіс)

15 наурыз, сәрсенбі

«Эмполи» – «Атлетик Юнион» – 6:0
«Асколи» – «Зенит-Ж» – 0:0

18 наурыз,сенбі

«Эмполи» – «Асколи» – 1:1
«Зенит-Ж» – «Атлетик Юнион» – 8:0


Ойын хаттамасы

ZENIT SAN-PIETROBURGO – ATHLETIC UNION – 8:0

Marcatori: 4'pt e 14'pt e 17'pt e 34'pt Erkebulan (Ze), 35'pt Elovskikh (Ze), 11'st e 38'st Makeev (Ze), 27'st Kaplenko (Ze)

ZENIT SAN PIETROBURGO: Goilo, Penchikov, Korkin, Plotnikov, Zapriagaev, Pletnev (22'pt Kultinov), Kaplenko, Kazakov, Elovskikh, Seidakhmet, Makeev.

ATHLETIC UNION: Sprecacé, Valon (15'pt Sahel, 29'st Aguilar), McDowell, Cardamone, Bonetti, Schinella (29′ st Gardner), Aramini (1′st Costa), Lonetti (29′st Perreira), Garcia, Portillo (1′st Mazrekaj), Saporetti (1′st Belegu).

Arbitro: Maninetti di Lovere

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика