Вернуться к списку статей

“Қайсар” қара үзіп, “Ертіс” екпін алды

Футбол
1K
«Шахтер» – «Қайсар» – 0:1.Фото: fckaysar.kz
Үшінші турдың төрт ойыны бүгін өтті. Төрт ойын – төрт гол. Төрт жеңіс – төрт жеңіліс. Көш басында – бірінші лигадан келген «Қайсар»!

«Қайсар» үшінші рет жеңіске жетті

«Қайсар» бірінші таймның ортасында қарсы шабуыл ұйымдастырып, есеп ашты. Былтыр ғана кеншілер клубында ойнаған Мақсат Байжанов допты Аржановқа бере қойды. Украина футболшысы екі қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыны да қапы қалдырды.

«Шахтер» тәуекелге бел буып, тайлы-таяғымен алға шықты. Таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ өздері гол соққаннан доп жіберу алуы да мүмкін еді. «Қайсардың» қарсы шабуылдары қауіпті болды. Жалпы, бұл ойында екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері аз болған жоқ...

Сөйтіп, үшінші турда да жеңіске жеткен «Қайсар» премьер-лигада көш бастады. Ұпай жинаудан шашау шығармай, жүз пайыздық көрсеткішпен адымдап келе жатқан – Қызылорда клубы ғана. Үш команда бір немесе екі рет тең түсіп, екі және төрт ұпай жоғалтса, қалғандары кем дегенде бір рет ұтылып қалды.      

«Шахтер» – «Қайсар» – 0:1 (0:1)

Гол: Аржанов, 23.

Ескертулер: Тәжімбетов, 9. Станоевич, 70. Габышев, 86 – Евстигнеев, 80. Нтибазонкиза, 90+1.

«Шахтер»: Шацкий, Габышев, Тарасов (к), Кадио, Скорых (Тәттібаев, 70), Айегбуси, Сзоке, Станоевич, Зошак (Өміртаев, 56), Аллегриа (Хайруллин, 34), Тәжімбетов.
Қосалқы құрам: Багинский, Орал, Васильев, Мангуткин, Ермеков, Әлімбаев

«Қайсар»: Исламқұлов, Әмірсейітов, Ламанж, Граф, Евстигнеев, Нарзілдаев, Камара, Байжанов (к) (Мулдаров, 86), Аржанов (Жақаев, 90+3), Курьор (Нтибазонкиза, 63), Николич.
Қосалқы құрам: Цирин, Алтаев, Алтынбеков, Горячий, Көкеев, Чуреев.

Төрешілер: Чеховский (Астана), Ходин (Атырау), Панин (Қостанай)

18 марта. Астана. Стадион «Астана Арена». 2 000 көрермен


«Ертіс» үшінші орында

«Ертіс» Жайық жағасынан үш ұпай олжалап қайтты. Түзде ойнаса да, алаң иелеріне қарағанда көп шабуылдады. Ойынның соңғы минуттарында бақтары жанып, легионерлері ширақ қимылдап, бір гол соқты. Өздері қорғаныста өте сақ ойнады.

Ал «Атырау» болса, әлі еңсе тіктей алар емес. Сырт алаңдағы екі ойыннан бір ұпай еншілеп келген, бірақ өз алаңындағы бірінші ойында ұтылып қалды. Шабуылшылары әлі гол соға алар емес. Өткен турдағы жалғыз голды орталық қорғаушысы соққан...    

«Атырау» – «Ертіс» – 0:1 (0:0)

Гол: Родриго, 88.

Ескертулер: Коробов, 20. Чичулин, 50 – Ткачук, 59. Есімов, 64.

«Атырау»: Пасеченко, Коробов, Лобжанидзе, Обшивач, Чичулин, Джокич, Саломов, Қайырәлиев, Маров (Нұрыбеков, 76), Хайруллин (к) (Ли, 83), Двалишвили.
Қосалқы құрам: Жомартов, Родич, Мәжитов, Эсатов, Әбдірахманов, Сүлей, Түлиев.

«Ертіс»: Лория (к), Есімов, Воротников, Двали, Ткачук, Живкович, Дарабаев, Гетериев (Шабалин 90+1), Родриго, Фонсека (Джа Джедже, 84), Нганбе (Фофана, 75).
Қосалқы құрам: Калмыков, Жұмасқалиев, Чернышов, Калинин, Кислицын, Алиев.

Төрешілер: Ысқақов, Әубәкіров, Попов (бәрі де – Астана)

18 наурыз. Атырау. «Судоремонтник» стадионы. 2 000 көрермен



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика