Вернуться к списку статей

Еуропа лигасының финалына тегін барғың келе ме?

Футбол
1K
«Астана» футбол клубы өз жанкүйерлеріне Еуропа лигасының финалына тегін барып-келу мүмкіндігін ұсынып, екі жолдама ойнатып отыр.

«Астана» футбол клубы «Тикетон» компаниясымен бірлесе отырып, 2017 жылғы мамыр айының 24-інде Щвецияда өтетін Еуропа лигасының финалдық ойынына 2 жолдама ойнатады!

Ол үшін «Астана» командасының өз алаңында өткізетін алғашқы 4 ойынына ticketon.kz сайтының онлайн жүйесі арқылы билет сатып алыңыз:

- 17 наурыз «Астана» – «Ақжайық» (Орал)

- 1 сәуір «Астана» – «Шахтер» (Қарағанды)

- 12 сәуір «Астана» – «Ақтөбе»

- 23 сәуір «Астана» – «Тараз»

Осы матчтардың билеттері арқылы сіз 2016/2017 жылдар маусымындағы Еуропа лигасының финалдық кездесуіне 2 жолдама беретін байқауға қатыса аласыз.

Елорда клубы ticketon.kz сайтының онлайн жүйесі арқылы билет сатып алғандар арасында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталатын болады.

Жеңімпаздарға «Астана» футбол клубы төмендегі барлық шығынды төлеп береді:

- ұшып барып-келу Астана – Стокгольм (Швеция) – Астана,

- қонақ үйге орналасу Стокгольм (Швеция),

- шенген визасына кететін шығын,

- Европа лигасы финалына “А” санатты 2 билет.

Бүгіннен бастап елордалық ұжымның өз алаңында өткізетін алғашқы «Астана» – «Ақжайық» (17 наурыз, жұма, 17.30, «Астана Арена») арасындағы ойынға ticketon.kz сайтындағы онлайн жүйесі арқылы билет сатып алыңыз! Билет бағалары 200-2000 теңге аралығында.

Ескерту!

Байқауға тек қана «Астана» командасының өз алаңында өткізетін алғашқы 4 ойынына ticketon.kz сайтынан онлайн жүйесі арқылы билет сатып алған адамдар ғана қатыса алады!

«Астана» командасының үйдегі кездесулеріне билет сатып ал да, елордалық командаға жанкүйер бол! Сүйікті командаңның арқасында УЕФА Европа лигасының финалдық ойынына жолдаманы ұтып алып, тегін барып кел!

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика